2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/1-VIIІ
Сегізінші шақырылған
Ақсуат ауданы мәслихатының
кезекті он бірінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті он бірінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.
Серікова Сая Серікқызы – Ақсуат аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
Дәуренбекұлы Мирас – Кіндікті ауылдық округінің әкімі.
1) Ақсуат аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережесін бекіту туралы.
2) Ақсуат ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын құрамын құру туралы.
3) Аудандық мәслихаттың 2024 жылға арналған жұмыс жоспары, тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарын бекіту туралы.
4) «Ақсуат аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штатын бекіту туралы.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев