Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының күн тәртібі туралы

2023 жылғы 5 желтоқсандағы          № 8/1-VIIІ

 

                Ақсуат ауылы                                                                                                село Аксуат

 

 

Сегізінші шақырылған

Ақсуат ауданы

мәслихатының кезектен тыс

сегізінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

         Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сегізінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.   

  1. Ақсуат ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы «2023-2025 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы»                №13/2-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Абай облысы Ақсуат ауданының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму жоспарын бекіту туралы.

         Хабарламашы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Серікова Сая Серікқызы.

         Әртүрлі мәселелер:

         1) Ақсуат ауданында «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»;

         2) Ақсуат ауданының басқару сұлбасын бекіту туралы.    

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                   Ж.Оразғалиев

2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 8/1-VIIІ шешім
Дата публикации
01 марта 2024