2023 жылғы 11 қазандағы № 7/4-VIIІ
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауылшаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауылшаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауылшаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауылшаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданған.
Жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында жайылымдарды басқару және олардың пайдалану жөніндегі жоспар 2022-2023 жылға әзірленген.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығын, пайдаланудың техникалық қасиеттерін, табиғи-климаттық, экологиялық және басқа да ерекшеліктерін) ескере отырып, неғұрлым оңтайлы пайдаланылуын қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын, жайылымдар аумағының таяудағы болашаққа ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат.
Күзгі жиын терін жұмыстары және қыстамаға мал азығын дайындау жұмыстарына ауданымыздан 3 бірлік комбайн және 9 бірлік картоп қазғыш, 3 бірлік көкөніс жинайтын, 427 бірлік әртүрлі маркадағы тракторлар, 93 бірлік шөп шабатын машина, 73 бірлік тырма, 43 бірлік рулон-пресс, 65 бірлік стогомет, 104 бірлік трактор тіркемелері, 33 бірлік Камаз тіркемесімен, 61 бірлік Газ-52, Газ-53,басқа да ауыл шаруашылығы техникалары қатысуда.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының Ақсуат ауданына 2023-2024 жылдардың қыстамасына 126 мың 100 тонна қатаң мал азығын(табиғи шөп,жоңышқа) дайындау тапсырмасы берілді. Бүгінгі күні аудан бойынша 108 мың 300 тонна қатаң мал азығы дайындалды. Барлық ауылдық округтерде қыстамаға мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бір тонна шөптің орташа бағасы 50-60 мың теңгеден, бір рулон шөптің бағасы 10-12 мың теңгеден, 1 тюктің бағасы 1200-1500 теңгеден сатылуда.
Күзгі егін жинау жұмыстары бойынша ауылдық округ әкімдерінің берген мәліметіне сәйкес 710 гектар дәнді дақылдар егістік алқабы орылып, орташа түсімі әр гектарынан 17-18 центнерден болып, 1242,5 тонна өнім жиналып алынды . Оның ішінде бидай 350 гектар, арпа 360 гектар. Дәнді дақылдар алқабынан жиналған өнімдерін шаруа қожалықтары мал азығына жемге пайдаланады. 225 га картоп алқабының 133 гектарының өнімі жиналып алынып, әр гектарынан орташа түсімі 220-230 центнерден болып, 3019,5 тонна өнім алынды. 167 гектар көкөніс алқабының 138 гектарының өнімі жиналып, әр гектарынан орташа түсімі 250-255 центнерден болып, 3450 тонна өнім жиналып алынды. 150 га бақшалық дақылдар (қауын,қарбыз) алқабынан орташа түсімі 400 центнерден болып, 6000 тонна өнім жиналып алынды.
Көкөніс,бақшалық дақылдар және картоп алқабынан жиналған өнімдерін шаруа қожалықтары ауданның базарлары мен дүкендеріне апарып халыққа тиімді бағада саудалауда.
Ауданымызда күзгі жиын-терін науқаны мен қыстамаға қатаң мал азығын дайындау жұмыстары ауа-райының қолайлы күндерін тиімді пайдаланып, уақытында сапалы аяқталатын болады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2017 жылығы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8 бабына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев