2023 жылғы 11 қазандағы № 7/3-VIIІ
Аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің 2023 жылғы
атқарған жұмысы туралы
2023 жылдың 8 айында Ақсуат ауданы бойынша 614 отбасының 3246 адамына 222013,4 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді.
Оның ішінде көп балалы отбасы 197, аз қамтылған 417 отбасын құрайды.
Сонымен қатар 1 жас пен 6 жас аралығындағы балаларға арналған қосымша төлем бойынша 712 балаға 22345,6 мың теңге тағайындалып, төленді.
Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 23 сәуірдегі Әлеуметтік кодексі негізінде мүгедектігі бар адамдарға оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша жыл басынан әлеуметтік қолдау шаралары жүргізіліп келеді.
Ағымдағы жылдың 8 айында мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке оңалту бағдарламасы бойынша жүріп тұруы қиын 1 топтағы 2 адам жеке көмекші қызметімен қамтылса, протез-ортопедиялық құралдармен 70 мүмкіндігі шектеулі адамдар қамтылды. Сондай-ақ сурдо-тифлотехникалық құралдармен 16 адам қамтылса, кресло арбалармен 22 адам қамтылып, 20 адам курорттық-сауықтыру шипажайларына жолданды.
Міндетті гигиеналық құралдармен 87 мүгедектігі бар адамдар қамтылды және жыл басынан Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығына 1-ші топтағы 4 адам жолданды.
Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфроқұрылым обьектілерін бейімдеу және инфроқұрылымды жақсарту жөніндегі «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы бойынша 12 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланған. Ағымдағы жылдың 8 айында 8 нысан бейімдеуден өтті.
Мүгедектігі бар балаларды үйден оқытуға жұмысалған шығындарын өтеу бойынша ағымдағы жылдың 8 айында 25 баланың ата-анасына 1570,07 мың теңге тағайындалып, төленді.
Сонымен қатар «Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ арқылы 117 ден астам мүгедектігі бар адамдар мен 112 жалғызілікті қарттар мен мүгедектігі барларға әлеуметтік қызметкерлер стандартқа сәйкес қызмет көрсетіп отыр және «Жартылай стационар жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ арқылы 19 мүгедектігі бар адамдарға қызметтер көрсетіліп отыр.
Мүгедектігі бар адамдарға қамқорлық және әлеуметтік қолдау шаралары үнемі бақылауда.
Жергілікті атқарушы органның шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету бағдарламасы бойынша 2023 жылдың 8 айына коммуналдық өтемақылар үшін ҰОС ардагерлері мен мүгедектері және оған теңестірілген 30 адамға коммуналдық қызметтер үшін 2875,0 мың теңге, «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы орденімен» бұрынғы «Батыр ана» атағын алған 664 анаға 9960,0 мың тенге кәмелетке жасы томаған 4 және одан да көп баласы бар 656 анаға 9840,0 мың тенге біржолғы ақшалай көмекке көрсетіледі.
Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын 9 адамға 10 мың теңгеден 680,0 мың теңге материалдық көмек төленді.
Жергілікті атқарушы органның шешімімен жекелеген санаттағы азаматтарға материалдық көмек көрсету бағдарламасына сәйкес аса мұқтаж 41 адамға 3668,0 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.
Марапатталған 1 тыл ардагерлеріне 150,0 мың теңге, марапатталмаған 45 тыл ардагерлеріне 3150,0 мың теңге төленді. Тәжік - ауған, таулы Карабах соғысына қатысқан 18 адамға 2700,0 мың теңге төленеді.
30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған адамдарға 101 балаға 1515,0 теңге төленді.
Облыс әкімінің тапсырмасымен ауданымызда жаңадан ашылатын жұмыс орындарына 2023 жылға жоспар бекітілген болатын, яғни 1312 жұмыс орындарын ашу. Бүгінгі күнге орындалғаны 1299, яғни 99 %.
Облыстық бақылау басқармасының (Еңбек инспекциясының) тапсырмасымен жыл басынан 494 кәсіпорынның электронды еңбек келісім шарттарын «Enbek-kz» порталына енгізу тапсырмасы берілген. Бүгінгі күнге 436 орындалып, қалғаны 58. Бұл кәсіпорындардың тізімі ауылдық округтерге бөлініп берілді. Қазіргі уақытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Жыл басынан бері Республикалық «Парыз» конкурсына Ақсуат ауданы, Екпін ауылдық округінің «Мәуліт» шаруа қожалығы «Жылдың әлеуметтік үздік жобасы» және «Айсұлтан» шаруа қожалығы «Жылдың әлеуметтік үздік кәсіпорыны» номинацияларына құжаттары толығымен жинақталып, облыстық басқармаға жолданды.
Ауданда еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру, ұзарту, кері қайтарып алу жұмыстары бойынша 50 Өзбекстан азаматтары өтінім беріп, рұқсат қағаздарын алды.
Жоғарыда аталған мәселелерді қарастыра келе, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) 2023 жылғы жоспар бойынша ауданда жаңадан ашылатын жұмыс орындары 100% орындалсын;
2) Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау бойынша алушыларға анализ жасалып, нақты мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмек тағайындалсын;
3) «Enbek-kz» порталына электрондық келісім шарттарды енгізу бойынша жұмыстар толықтай аяқталсын;
4) Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфроқұрлым обьектілерін бейімдеуден өткізу бойынша жоспар тапсырма орындалсын;
5) Аудандық жекелеген санаттарға материалдық көмек беру жөніндегі комиссиясының құрамына бір мәслихат депутаты енгізілсін;
6) Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын адамдарға төленетін материалдық көмектің көлемін ұлғайтуға аудандық мәслихаттың депутаттары атынан депутаттық ұсыныс әзірлеу.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев