2023 жылғы 11 қазандағы № 7/2-VIIІ
Аудандық ішкі саясат, мәдениет,
тілдерді дамыту және спорт
бөлімінің атқарған жұмыстары
туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 1 қыркүйек 2023 жылғы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдаудағы көрсетілген міндеттер мемлекетіміздің алдағы кезеңдегі дамуының басты бағыт - бағдарын анықтайтын саяси маңызы зор құжаттар ретінде жүйелі түрде насихаттау аудандық ішкі саясат бөлімінің негізгі міндеті болып табылады.
Ағымдағы жылдың 4 қыркүйек күні Президент Жолдауына байланысты аудандағы «Аманат» партиясының филиалында мекеме, бөлім басшыларының қатысуымен талдау өткізілді. Онда Жолдауды жүзеге асырудың іс - шаралары және ақпараттық қолдаудың медиа – жоспарлары бекітіліп, аудандық мекеме бөлімдерге, ауылдық округ әкімдеріне таратылып берілді.
Жоспарда Жолдауда атап көрсетілген басым бағыттар туралы сала басшылары аудандық «Тарбағатай» гезетіне, әлеуметтік желілерде атқарылған жұмыстары туралы жариялап келеді. Жолдауда көрсетілген 6 бағытта ақпараттық топ құрылып, жұмыс істеуде. Топ құрамына жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, қоғамдық пікір иелері, белсенді жастар тартылған.
Ауданда бұқаралық ақпарат құралдарынан аудандық қоғамдық - саяси «Тарбағатай» газеті бар. Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау осы газет арқылы жүзеге асырылып келеді. Газет аптасына 1 рет шығады.
Ақсуат ауданы бойынша 2023 жылдың ІІ жартыжылдығына 4575 дана баспасөз басылымдарына жазылуға тапсырма берілді. Бүгінгі күні 2382 дана басылымға жазылып, берілген тапсырма 52,1% орындалды.
Республикалық «Хабар» телеарнасында 8 рет, Қазақстан ұлттық телеарнасында 4 рет, Облыстық «Қазақстан - Семей» телеарнасы арқылы 5 рет арнайы хабарлар дайындалып, көрсетілді. Сондай-ақ, аудан өмірі мен маңызды оқиғалар мен негізгі өткізілген ірі шаралар тұрақты түрде ақпараттық жаңалықтарда беріліп отырылды.
«Киелі Ақсуат» қоғамдық бірлестігі аудандағы оралмандарды қолдау, ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында жұмыс істейді.
Сонымен қатар, ауданда еңбек және соғыс ардагерлері және аудандық әйелдер кеңестері қоғамдық негізде жұмыс істейді. 9 ауылдық округтерде ардагерлер және әйелдер кеңестерінің бастауыш ұйымдары құрылған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңын жүзеге асыруға байланысты аудан көлемінде біршама жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күні аудандағы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар саны – 4330 адам.
Жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау мақсатында Кәсіпкерлікті дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде аудан бойынша 18 жас 77 млн. 798 мың теңгеден несие алды.
Жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау бағытында ауданда жастар ресурстық орталығының мамандары, ауылдық округ әкімдіктерінің өкілдерін тарта отырып, NEET санатындағы жастарды анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың тұрғылықты жері, білім деңгейі, отбасы құрамы, жастардың тұрғын үй жағдайлары туралы ақпарат көрсетілген әлеуметтік карта толтырылды. Осы жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша ауданда NEET санатына кіретін 58 жас анықталды.
Аудандағы көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардың 16-29 жас аралығындағы балалары, Neet санатындағы жастар және студенттер, жоғары сынып оқушылары арасынан тамыз айында «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатарында 30 жас жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, 9 ауылдық округ бойынша еріктілер тобы құралған. Әр топ мүшесінде 5 (бес) адамнан және мектептерден «Қолғанат» тобы құралған. Қазіргі таңда еріктілердің көмегі әр санаттағы қарттарымызға, жалғызбасты аналарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға қолұшын созуда. Атап айтсақ, еріктілер «Ардагерлерді ардақтайық», «Жүректен - жүрекке», «Жақсылық жасап жарысайық» акцияларына белсене атсалысуда.
Ақсуат ауданының жастар ресурстық орталығы «Jastarǵa–kenes», «Jastarǵa– bilim», «Jastarǵa– qyzmet», «Jastarǵa– jumys жобалары аясында іс - шаралар өткізуді бастады. Бүгінгі күні Ақсуат, Құмкөл, Екпін және Сәтбаев ауылдық округінде жұмыстар жүргізілді, қалған ауылдық округтерде ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін жұмыстар жүргізілетін болады.
Жергілікті тұрғындар мұсылман дінін ұстанады. 2023 жылдың басында аудан бойынша 7 мешіт, 4 намазхана бар.
Аудандағы жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарда және ауылдық округтердің барлығында мемлекеттік стандарттарға сай келмейтін Мемлекеттік Тулар мен Мемлекеттік Елтаңбаларды жою жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді.
Жалпы жыл көлемінде аудандағы қоғамдық - саяси ахуал тұрақты болды.
Ақсуат ауданында мәдениет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырып, халыққа рухани-эстетикалық тәрбие беруге бағытталған мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ақпараттық-танымдық қызмет көрсетіп отырған негізгі мәдениет ошақтарының саны 21, оның ішінде 10-ы мәдениет үйлері мен клубтар, 11-і кітапхана.
«Ақсуат мәдениет үйі» КМҚК-да 81,0 штаттық бірлікте, 82 мәдениет қызметкері, кадрлық құрамдағы арнаулы білімі бар 46 мәдениет қызметкерінің 19-ы жоғары білімді, 21-і арнаулы орта, 6-ы орта білімді қызметкерлер. Кіші қамту қызметкерлер саны – 36, кітапханаларда 26,25 бірлік шататта 29 қызметкер,оның 22 кітапханашы 7 кіші қамту қызметкері жұмыс істеп отыр.
Мәдениет үйлері жанында «Халықтық» атағы бар 7 және «Үлгілі» атағы бар 2 шығармашалық ұжым жұмыс істейді. Жалпы, аудан бойынша 2 «Мәдениет қайраткері», 1 ҚР «Мәдениет саласының үздігі» бар.
2023 жылға кітап қоры 152 633 дана, оның ішінде өлкетану бағытындағы кітаптардың 283-і цифрлық форматқа енгізілді. ИРБИС автоматтандырылған кітапханалық жүйеге 9300 жазба енгізілген.
Аудан бойынша 2023 жылдың 9 айында кітапханаларға 8160 оқырман қамтылып 152640 кітап берілді. Жыл көлемінде кітапханаларда 145 көпшілік іс- шаралар өткізіліп, 2850 адам қамтылды. Кітапханаға келушілер саны - 72140 мыңды құрады.
Мәдениет үйлері мен клубтарда жалпы жиыны 615 мәдени-көпшілік шара өтіп, 85000 көрермен қамтылды.
2022 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуге Ақсуат мәдениет үйіне 106,127 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілсе, Қызыл кесік мәдениет үйіне 9800,0 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. 2023 жылы Көкжыра ауылынан салынуға жоспарланған мәдениет үйінің құрлысына ПСД жасату үшін 18,0 млн теңге бөлініп, облыстық ЖКХ арқылы конкурс өткізілді. Мердігер: «Корпорация Асыл Строй».
Қазақстан халқының тілдері күніне арналған облыстық «Тілдер шеруі» айлығы барысында ауданда 18 онлайн, 9 офлайн іс - шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік желі арқылы қаралым саны 958 құрады.
Ақсуат ауданы бойынша аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру дене шынықтыру мен спорттың халық үшін маңыздылығын арттыру мақсатында 2023 жыл басынан бүгінгі күнге дейін біршама жұмыстар атқарылды. Ақсуат ауданы бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысуға арналған 13 бірлік нысан бар.
2016 жылы М.Имашев атындағы «Балалар және жасөспірімдер спорт мектебі» спорт кешені облыстық қаражат есебінен салынып спорттың 7 түрінен аудан тұрғындарына қызмет көрсетіп отыр.
2021-2022 ж Ақсуат ауылында жалпы жобалық құны 1 млид. 50 млн. теңгені құрайтын «Дене шынықтыру спорт кешенінің» құрлысы аяқталды. Атылмыш кешенде тренажер залы, кіші футбол залы, бокс және күрес залы және 40 адамға арналған бассейн бар. Алдағы уақытта жаттығу залдары толығымен іске қосылған кезде 120 оқушы спортпен айналысуға мүмкіндік алады.
Аудан бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысатын халық саны 6300 адам, аудан тұрғындарының 35 пайызын құрап отыр. Ақсуат ауданы бойынша М.Имашев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс атқарып жатыр, 8 ауылдық округтерде бөлімшелері жұмыс істейді.
Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі алдағы уақытта да Мемлекет басшысының Жолдауын, ҚР Үкіметі мен облыс және аудан әкімдіктері, облыстық басқармалардан келген тапсырмаларды орындауда жоспарлы жұмыстарды жүргізе беретін болады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Ауданда мемлекеттік ақпараттық саясатты насихаттау жұмыстары жүйелі жүргізілсін;
2) Аудан өмірі мен маңызды оқиғалар, негізгі өткізілген ірі шаралар тұрақты түрде ақпараттық жаңалықтарда беріліп отырылсын;
3) Аудандағы қоғамдық - саяси ахуалдың үнемі тұрақты болуы қадағалансын;
4) Аудандағы мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар жоспарға сай сапалы, әрі уақытында өткізілсін;
5) ИРБИС автоматтандырылған кітапханалық жүйесінің жұмыстары жандандырылсын;
6) Орталық стадионда жүргізіліп жатқан реконструкциялау жұмыстарының уақытында аяқталуын және сметаға сәйкес сапалы жүргізілуі қадағалансын;
7) Республикалық, облыстық спорттық ойындарға қатысатын ауданымыздың спортшыларына іссапар шығындарын заңдылыққа сәйкес төленуін қамтамасыз ету.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев