Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті жетінші сессиясының күн тәртібі туралы

Сегізінші шақырылған

Ақсуат ауданы

мәслихатының кезекті

жетінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

          Аудандық мәслихаттың кезекті жетінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.   

  1. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің атқарған жұмыстары.

          Атықанов Ғабитқазы Жанахметұлы – аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы.

  1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атқарған жұмысы туралы.

         Кенжин Мейіржан Тоқтарбекұлы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.

  1. Ақсуат ауданының ауылдық округтері бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарының іске асырылуы туралы.

         Сербатыров Бейбіт Сербатырұлы – ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

  1. Әртүрлі мәселелер.

         1) Ақсуат ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы.

         

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                         Ж.Оразғалиев

Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті жетінші сессиясының күн тәртібі туралы
Дата публикации
08 февраля 2024