2023 жылғы 8 тамыздағы № 5/8-VIIІ
Ақсуат ауылдық округіне
қарасты Ақсуат ауылындағы
атаусыз тұрған көшеге
Қалмақбаев Тұрсын Тайырұлы
атауын беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, 31- бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидалары» туралы №138 қаулысына сәйкес Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Ақсуат аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Абай облысының ономастика комиссиясының қарауына Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылындағы атаусыз тұрған көшеге Қалмақбаев Тұрсын Тайырұлы атауын беру туралы ұсыныс енгізілсін.
|
Ақсуат аудандық мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев |
Аудан әкімі
А. Смаилов |