Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасы және 2022 жылғы атқарған жұмыстары туралы

      2023 жылғы 8 тамыздағы               № 5/4-VIIІ 

 

                    

Ақсуат ауылдық округі әкімінің

сайлауалды бағдарламасы және

2022 жылғы атқарған

жұмыстары туралы

 

Ақсуат ауылдық округінде 8323 адам есепте тұрады. 2022 жылмен салыстырғанда халық саны 93,4 % – ға өскен. Оның ішінде 4216 әйел, 4107  еркек. 1795 үй бар. 2022  жылы 296 бала дүниеге келіп, 83  адам қайтыс болған.

Жалпы ауылдық округтің жер көлемі 70200  гектарды құрайды. Оның ішінде: егістік – 1805 га, шабындық 2700 га, жайылымдық 65695 га жерді құрайды.

Ауылдық округте 2 орта мектеп, кәсіптік колледж, спорт мектебі, саз мектебі, өнер мектебі, №2 орта мектеп жанындағы интернат, 2 бала – бақша, мәдениет үйі, орталық аурухана емханасымен, 2 жанұялық амбулатория, мұражай, мұрағат, 2 мешіт, спорттық сауықтыру кешені, аудандық құқық қорғау органдары және т.б. бөлімдер мен мекемелер, кәсіпорындар орналасқан.

Ақсуат ауылдық округі экономикасының негізгі бағыты ауыл шаруашылығы,  оның ішінде: мал шаруашылығына негізделген. Округте 52 шаруа қожалығы тіркеліп жұмыс істеуде. Осы тіркелген шаруа қожалықтарының 14 егін   шаруашылығымен айналысады. 

         Ауыл округіндегі мал басы.

 

Р/с

Мал түрлері

01.01.2022 жыл

01.01.2023 жыл

Өсу қарқыны,

%

1.

Ірі қара

12 018

13 453

112

2.

Қой-ешкі

10 359

11620

112

3.

Жылқы

1581

1668

105

 

Медицина саласы бойынша  ауылымызда 4 учаскелік амбулатория жұмыс жасайды. Онда 4 - дәрігер орта буынды,  12 - медицина қызметкері жұмыс істейді. Ана мен бала өлімі тіркелген жоқ. 2022 жылда 83 адам қайтыс болып, 296 бала дүниеге келген. Онкологиялық аурулармен 12 және туберкулезбен 4 адам тіркеуге алынған. Бұл адамдарға тиісті медициналық көмектер  көрсетіліп отыр.

          Ақсуат ауылдық округтері көркемөнерпаздары қатысқан шығармашылық байқау биылғы жылы «Ұлттық мәдениет – ұлт қазынасы» деген тақырып бойынша әр ауылдың мәдениет күндері болып өтті. Аталған бұқаралық шараға 100-ден  аса өнерпаз қатысып, 750  көрермен тамашалады. Байқауға ауылдық ардагерлер, әйелдер кеңестері, әжелер ансамбльдері, мектеп-мекеме ұжымдары белсене қатысып, Ақсуат ауылының көркем өнерпаздар ұжымы 1 орын иеленді. Ауыл таланттары үстіміздегі жылы халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқаулар мен конкурстарға қатысып жүлделі орындар иеленді.

 Ұлттық Наурыз мерекесі аясындағы бірнеше мәдени-спорттық мерекелік бағдарламалар, «Үздік қазақ үйі» киіз үйлер байқауы, халық театрларының  қойылымдары, Қазақстан Халықтары бірлігі күніне «Қазақстан – алтын бесік»  фестиваль, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне арналған патриоттық концерттер, ұлт батыры Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналып Боғас бекетіндегі батыр ескерткіші алаңында «Атымды кім атаса соны қолдап жебеймін» атты патриоттық концерті, 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік шаралар ауылдық округтердегі жүздеген көрермендер мен көркемөнерпаздарды қамтитын бұқаралық іс-шаралар болып өтті.

Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына арналған «Атымды кім атаса соны қолдап жебеймін» атты жасөспірімдер арасында облыстық көркемсөз шеберлерінің байқауы өтіп, 13 ауданнан дарынды 28 үміткер қатысты.

Ақсуат ауылда телефон байланысының сапасын арттыру мақсатында сымсыз телефонның (терминалдың) базалық станциясы орнатылды. Қазір ол тұрақты жұмыс істеп тұр. Нәтижесінде бүгінгі күні ауылдағы  992  тұтынушы кең жолақты интернет желісін (мегалайн) пайдаланып отыр. Сондай – ақ 428 тұтынушы сымсыз телефон арқылы кең жолақты интернет желісіне (мегалайн) қосылған.

Алтел – 4 G байланыс жүйесіне 425 нүкте қосылды. Интернет байланысынын сапасы бірнеше есе жақсарды.

Бүгінгі күні округте 62 сауда дүкені, 2 ет дүкені, 3 жабық базар, 5 сауда орталығы, 2 наубайхана, 1 тіс протезін жасау цехы, 4 – дәріхана, 1 – мал дәрігерлік дәріхана, 6 – кафе, 6 –мейрамхана, 3 – жанар-жағар май құю бекеті, 39 – қызмет көрсету орталығы, 3 – жиһаз жасау цехы, 6 – дөңгелек жөндеу орталықтары халыққа қызмет көрсетуде.

Көмір тасымалдаушы кәсіпкерлермен 2022 – 2023 жылғы қыс маусымында ауыл тұрғындарын қажетті қатты отынмен (көмірмен) толық қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар ұйымдастырылуда.

Ауылдық округте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды.

Әр апта сайын ауылдағы сауда дүкендері мен базарлардағы аса маңызды негізгі 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағаларына кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілдерімен бірлесе отырып, ауыл әкімшілігі және жергілікті қоғамдастық мүшелері тарапынан мониторинг жүргізілуде.

Санитарлық-тазалықты ұйымдастыру мақсатында, ауыл әкімі аппаратынан, жергілікті қоғамдастық мүшелері және  учаскелік инспекторлардан арнайы мониторингтік  топ құрылып, ауылдық  округте  ораласқан  дүкендерді  аралап, 11 /он бір/ сауда дүкен иелеріне және 7-жеке тұлғаға тазалық сақтамаған үшін айыппұл салынды. Осы орайда негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында 2022 жылдың аяғына дейін ауылдық округтегі сауда дүкендері мен базарлар және наубайхана иегерлері арасында сауда қосымшасын 10 пайыздан асырмау жөнінде 34 екі жақты меморандум жасалып, келісім-шарттарға қол қойылды.

Аудан әкімінің тапсырмасына сай 2022 жылдың 12 айында  аптаның сенбі күндері әр айда екі реттен бекітілген кестеге сәйкес жәрмеңкелер өткізу және жәрмеңкеде ет, балық, бал, сүт, картоп, көкөніс және нан тоқаш өнімдері арзан бағамен сату ұйымдастырылды.

Бұнда жергілікті тауар өндірушілердің өндірген өнімдері күнделікті қажетті азық-түлік тауарларының бағасынан 10-15 пайыз төмен сату қамтамасыз етілді.

2022 жылдың 12 айында Ақсуат ауылында жалпы құны 1 млрд. 8 млн 400 мың теңге, көлемі 5633 ш/м болатын 42 тұрғын үй алаңы, құны 68млн, 640мың тг, көлемі 285 ш/м - 1 сауда үйі, құны 70млн.  тг, көлемі 91 ш/м - 1 дүкен, 1 – мал бордақылау алаңы-300 млн.тг және 50,0 млн.тенгеге 1 - қойма пайдалануға берілді.

«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларға арналған жалгерлік – коммуналдық екі пәтерлі 8 тұрғын үй салынып, кезектері бойынша 16 көп балалы отбасыға бұл үйлердің кілті табысталды. Қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған көп балалы отбасыларға арналған жалгерлік – коммуналдық екі пәтерлі 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 2020-2022  жылдары  аралығында  29  үй, 58  пәтер пайдалануға  берілді.

Ауылымыздағы айналма жолын орташа жөндеуге, 2022 жылы 166 млн 667 мың теңге бюджеттен қаржы бөлінді. Бүгінгі күні 1,3 шақырым жолға асфальт жамылғысы төселіп, негізін көтеру, кескінін түзеу, нығыздау т.б. жұмыстары атқарылды. Мердігер «ПМК Құрылыс» ЖШС.

«Ақсуат – Шыбынды – Бәкей - Қарасу» - Училище 0 - 3,0 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына Республикалық бюджеттен 83 млн 328 мың теңге қаржы бөлініп,  қазіргі таңда  Ақсуат- Ескі Училище  жолының 3 шақырым жолына асфальт жамылғысы төселді. Мердігер «ПМК Құрылыс»ЖШС.

«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында құны 120 млн 300 мың теңге болатын Ақсуат мәдениет үйін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, мердігер «Каз трейдинг Инновация»ЖШС.

2022 жылы құны 300 млн теңге болатын К.Нұрбаев атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары басталып, биылғы жылы толықтай аяқталды.

«Ауыл Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қабанбай көшесінің  бойынан

денсаулықты  сауықтыруға  арналған   кешен  құрылысы /ФОК/ (849 млн 509 мың теңге) биылғы жылы халық игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде. Мердігер ДК Проект.

Әр жылдың сәуір айынан бастап әр аптаның жұма күндері «Тазалық күндері» жоспарлы түрде өткізілді.

Ауылды абаттандыру, көркейту, көгалдандыру, жарықтандыру, көше жолдарын жөндеу бойынша бір шама жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда:

  1. Арнайы комиссия құрылып, ауылдың әр мөлтек аудан тұрғындарымен кездесіп тазалық жұмыстарын жүргізу, мал бағымын ұйымдастыру жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.
  2. Аудан орталығында орналасқан мекеме, бөлімдердің ғимараттарының қасбеттерін бояу жұмыстары жүргізілді. Мекемелер алдындағы қоршаулар боялды.
  3. «Мәңгілік Ел» «Мұрын Ана», саябақтарының аркалары боялды. «Белгісіз жауынгер» және әскери техникалар ескерткіштері боялды. Орталық алаңдағы ЛЭД экранның тұғыры боялды.
  4. Қабанбай көшесі бойындағы бетон қоршаулар боялды.
  5. Саябақтар ішіндегі су бұрқақтар жаңартылып, боялды, тазаланды.
  6. Бөлінген мекемелердің қатысуымен Орталық стадиондағы саябақтың талдары әктеліп, артық бұтақтары қиылып, шыршалардың түбі түптеліп, арамшөптен тазартылды.

         8.«Мәңгілік Ел», «Мұрын Ана», «Бәйтерек», «Абай», «Белгісіз жауынгер», Прокуратура, Білім беру бөлімі алдындағы саябақтардағы шыршалардың түбі арам шөптерден тазартылып, түптері түптелді, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

  1. Ақсуат ауылының 6 көшесіне, 1 елді мекен, 2 шағынауданына 333 дана электр бағаналары жаңадан тартылды. Барлығы: 13 көше. Мердігер «ФИНАНС ГРУП АЛАЛИТ». Істен шыққан 77 дана шам алмастырылды.
  2. 2022 жылы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық нәтижесінде 39 көше, 6 саябақ, 1 алаң, 1 стадион тазаланып, 480т қатты қалдық шығарылды. 800 түп қарағаш отырғызылды. Санитарлық тазалық жұмысына 450 адам, 6 техника қамтылды.
  3. Ақсуат ауылын көгалдандыру және абаттандыруға бөлінген қаржыға кәсіпкер М.Құсайыновтың жылыжайынан: 10 000 000 теңгеге - 12000 дана петуния, 68000 дана бархатцы; жиыны - 80000 дана гүл орталық саябақтарға, стадион жанындағы саябаққа отырғызылып, сонымен қатар ауылдың кіре беріс жағына Зайсан қаласынан 1200 түп перамидальді теректер мен қара ағаштар әкелініп отырғызылды.

         Ауыл округіндегі ішкі жолдар, қыс айларында үнемі қардан тазаланып отырады. Оған «Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен, «Ақсуат» коммуналдық кәсіпорынының техникалары  жұмылдырылып келеді.

          «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы №19 Жарлығына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңына сәйкес, жоғарыда аталған мәселелер негізінде Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсуат ауылдық округінің әкімі М.Иманбековтің 2022 жылғы сайлауалды

бағдарламасы және атқарған жұмыстарына қанағаттанғысыз атап көрсетілсін.

  1. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 3 тармағына сәйкес аудан әкіміне Ақсуат ауылдық округінің әкімі М.Иманбековке тәртіптік шара қолдану ұсынылсын.
  2. Ауылдық округ әкіміне төмендегідей жұмыстарды ұйымдастыру ұсынылсын:

1) «Таза су» бағдарламасын аяқтап, тұрғын үйлерге су кіргізуді  100 пайыз  орындау;

2) «Казагроның» қаржылық институттарымен шаруа қожалықтарының арасында іскерлік байланыс орнату, инвестиция тарту;

3) Азық-түлік тауарларын он пайыздан асырмау жөнінде ауылдағы дүкендер мен меморандумға отырып, бағаның қымбаттамауын қадағалау;

4) Бруцеллез ауыруының алдын алу іс шара жоспарын жасап, ауыл тұрғындары мен бруцеллездің алдын алу мақсатында жиналыстар өткізу;

5) Қауымдастық мүшелерімен жиналыстар өткізу, ауылдық округ әкімінің бюджетіне берілген трансферттерді қауымдастық мүшелерімен бекіту;

6) Бюджеттің меншікті кірістер және қосымша кіріс көздерін іздестіру алгоритмі бойынша берілген тапсырманың орындалуын қамтамасыз ету, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлік саласындағы жалдамалы жұмысшыларды анықтау;

7) Жасыл екпелерді күтіп ұстау және қорғау, абаттандыру қағидаларын орындауды ұйымдастыру, көше комитеттерінің жұмысын жандандыру, тұрғын халықтың сенбіліктерге қатысуын ұйымдастыру;

  1. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық маслихаттың тұрақты комиссияларына тапсырылсын.

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                   Ж.Оразғалиев

2023 жылғы 8 тамыздағы № 5/4-VIIІ
Дата публикации
30 января 2024