2023 жылғы 8 тамыздағы № 5/3-VIIІ
Ақсуат ауданының полиция бөлімінің
жергілікті полция бөлімшесінің
2023 жылдың бірінші
жартыжылдығындағы атқарған
жұмысы туралы есебі
2023 жылы 851 хаттама толтырылды. Оның 64-і аудандық сотқа жолданды. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша қызметкерлер тарапына ешқандай арыз шағым түскен жоқ.
АПБ кеңсесі және штабымен жыл басынан 11 учаскелік полиция инспекторымен 49 салыстыру актілері тіркелген.
- 2023 жылдың 6 айында қоғамдық орында жасалған 3-қылмыстық құқық бұзушылық орын алды олар:
1) ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігі;
2) ҚР ҚК-нің 293 бабы 3 бөлігі;
3) ҚР ҚК-нің 190 бабы 1 бөлігі барлығы толықтай ашылды.
Бұрын жасалынған 2-қылмыс орын алған: ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 1 бөлігі, ҚР ҚК-нің 189 бабы 1 бөлігі.
Алкогольдік ішімдік ішкен күйде жасалған қылмыстар 3-фактісі анықталды:
1) ҚР ҚК-нің 106 бабы 1 бөлігі;
2) ҚР ҚК-нің 120 бабы 1 бөлігі;
3) ҚР ҚК-нің 200 бабы 1 бөлігі.
Ақсуат аудандық пробация қызметі 16-адам тіркеуде.
2023 жылдың 6 айында ҚР ӘҚБтК 73 бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша 24 әкімшілік хаттама толтырылған. Отбасы тұрмыстық қатынас саласында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 6 айда 53- азаматқа уаскелік полиция инспекторларымен «қорғау нұсқамасы» шығарылды. 7- азаматқа «ерекше талап» орнатылған. Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 461 бабы 3-хатта толтырылды. Профилактикалық жұмыстардан нәтиже шығармай, өз еркімен маскүнемдіктен арыла алмайтын азаматтар мәжбүрлі түрде маскүнемдіктен еріксіз емдеуге 2023 жылдың 6 ай мерзімінде 3 азамат жолданған.
6 ай көлемінде халықпен 68 кездесу жиналыс өткізілді. ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша 24 - әкімшілік хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша 6- әкімшілік хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы (Ортақ пайдалану орындарын ластау ) бойынша 47- әкімшілік хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша 59 - әкімшілік хаттама. ҚР ӘҚБтК-нің 441 бабы (Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тиым салуды бұзу) бойынша 1 - әкімшілік хаттама толтырылды.
2023 жылдың 6 айында Ақсуат ауданы бойынша жасөспірімдермен жасалған ауыр қылмыс 1-факті ҚР ҚК-нің 188-1 бабы 3-бөлігімен, аса ауыр қылмыс деректер тіркелген жоқ.
Қолайсыз отбасында 6-отбасы 7-адам есепте тұр, 2023 жылдың 6 айында АІІБ-нің арнайы есебіне 2 жанұя алынды.
6 - ай көлемінде әйелдерге қатысты жасалған әрбір өз-өзіне қол жұмсау дерегі болған жоқ.
2023 жылдың басына есептік (учетный) 3- жол-көлік оқиғасы тіркеліп, ҚР ҚК-нің 345 бабы 4-бөлігі және ҚР ҚК-нің 345 бабы 2 бөлігіне бойынша қылмыстық іс қозғалып, 2-адам қайтыс болып, 9-адам дене жарақаттарын алды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол апатын болдырмау мақсатында. ҚР ӘҚБтК 591-бап. (телефонды пайдалану) -39, ҚР ӘҚБтк 593-бап. (қауіпсіздік белдігін пайдаланбау)-47, ҚР ӘҚБтК 608-бап. (көлік құралын масаң күйде басқаруы) 8- әкімшілік хаттама толтырылған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау;
2) Ақсуат ауданының полиция бөлімінің жергілікті полция бөлімшесі қызметіне жедел жағдай жөнінде келіп түскен ақпараттарды сараптау мен жинақтау;
3) Дүлей апаттар мен басқа да төтенше жағдайлар жөніндегі хабарламаларға кідіріссіз әрекет ету;
4) Кезекші тәуліктерде қылмыстарды «ізін суытпай» ашуда шұғыл шараларды жүргізу;
5) Жергілікті полиция бөлімшесінің жедел кезекшісіне қоса отырып азаматтар көп жиналатын қоғамдық орындарға бейне бақылау камераларын орнату туралы мәселені жергілікті атқарушы органдарымен шешу;
6) Мал ұрлығының алдын алуда ауыл әкімдерімен бірлесіп жұмыс жүргізу,
7) Көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті сақтау үшін округ әкімдерімен округтағы мекемелермен бірігіп кезекшіліктерді ұйымдастыру;
8) Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
9) Округтегі жергілікті учаскелік инспекторлары тоқсан сайын тұрғындардың алдында есеп беру жиналыстарын өткізілуін қадағалау;
10) Учаскелік полиция қызметкерлері қызмет барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде көрсетілген стандарттарды сақтауға және апта сайын учаскелік полиция қызметкерлеріне арнайы құқықтық сабақ өткізуді ұйымдастыру;
11) Учаскелік инспекторлардан өз учаскелерінде жұмыс нәтижелерін жақсарту бойынша мәселелерді тиімді шешуге, өткізілген шаралар бойынша жоғары жұмыс тиімділігіне қол жеткізуді талап ету;
12) Учаскелік инспекторлар өз учаскелерінде тұруды міндеттеуді ұйымдастыру;
13) Сауда үйлерінде, тұрмыстық объектілерде, үй кіреберістеріне дабыл қақыштар орнатуды ұйымдастыру;
14) Бұрын соттылығы бар, есепте тұрған азаматтарды бақылауда ұстау, тіркелген жерде болуын қадағалау, аудан көлемінен тыс жерлерге кеткен жағдайда хабардар болу;
15) Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында қылмысты азайту профилактикалық шараларын аудандық білім беру бөлімімен мектептің педагогикалық кеңестерімен бірігіп ұйымдастыру;
16) Табиғатты қорғау саласы бойынша заңсыз балық аулаушылар мен аң аулаушы браконьерлердің жолын кесіп, қылмысты барынша азайту;
17) Жазғы маусымдарда өзен-көлдердің жағасында демалушылардың ластауына байланысты, арнайы құзырлы мекемелермен тазалығын сақтау іс-шараларын ұйымдастыру.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев