Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының кезекті бесінші сессиясының күн тәртібі туралы

2023 жылғы  8 тамыздағы                   № 5/1-VIIІ

 

       

Сегізінші шақырылған

Ақсуат ауданы

мәслихатының кезекті

бесінші сессиясының

күн тәртібі туралы

 

 

          Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

          Аудандық мәслихаттың кезекті бесінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:

Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.   

  1. Аудан әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің орындалуы туралы.

          Хабарламашы - Ақсуат ауданының әкімі Смаилов Асхат Сайдахметұлы.

  1. Ақсуат ауданының полиция бөлімінің жергілікті полция бөлімшесінің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы атқарған жұмысы туралы есебі

            Хабарламашы - Ақсуат ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Алтыбаев Дархан Тілеуғазыұлы.

  1. Ақсуат ауылдық округі әкімінің сайлауалды бағдарламасы және 2022 жылғы атқарған жұмыстары туралы.

         Хабарламашы - Ақсуат ауылдық округінің әкімі Иманбеков Мэлс Бақтығалиұлы.

  1. Әртүрлі мәселелер.

1) Абай облысы Ақсуат ауданы мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 13/2-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

          2) Ақсуат ауданының «Құрметті азамат» атағын беру туралы.

         3) Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 сәуірдегі № 2/3-VІІІ «Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары, тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

         4) Ақсуат ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылындағы атаусыз тұрған көшеге Қалмақбаев Тұрсын Тайырұлы атауын беру туралы.

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                       Ж.Оразғалиев

2023 жылғы 8 тамыздағы № 5/1-VIII
Дата публикации
30 января 2024