Ақсуат ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

2023 жылғы 23 мамырдағы                 № 4/12-VIII               

 

Ақсуат ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын  өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

 

Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсуат аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсуат ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес, айқындалсын.
  2. Осы шешім оның алғашқы  ресми  жарияланған  күнінен  кейін  күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Мәслихат төрағасы

 

Ж. Оразгалиев

 

 

шешім №4/12-VIII
Дата публикации
30 января 2024