Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің көктемгі егістік жұмыстарына дайындық барысы туралы

Ауыл шаруашылығы, жер

қатынастары және кәсіпкерлік

бөлімінің көктемгі егістік

жұмыстарына дайындық барысы

туралы

Ақсуат ауданы бойынша 2023 жылы болжамды суармалы егістік жер көлемдерін игеру көлемі 9391 гектар.

Оның ішінде 450 гектарға бидай, 400 га арпа, 10 га сұлы, 300 га майлы дақыл, 239 га картоп, 173 га көкөніс, 150 га бақшалық (қауын, қарбыз), 150 га мал азықтық жүгері, 550 гектарға құнарлы мал азықтық көп жылдық шөптерді                           (жоңышқа, житняк) егілетін болады. 6969 гектар суармалы егістік жерде өткен жылдардан келе жатқан көпжылдық шөптер егістік алқабы орналасқан.

 Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге аудан бойынша 130-135  шаруашылық құрылымдары қатысуда.

Шаруашылық құрылымдары қолда бар тұқымдарын және дәнді дақылдар, жүгері, көпжылдық шөптер (жоңышқа, эспарцет, житняк), картоп дақылдарының жоғары сапалы тұқымдарын Өскемен қаласындағы «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар Алматы облыстарындағы тұқым шаруашылықтарымен және көршілес Зайсан, Көкпекті, Үржар аудандарының тұқым шаруашылықтарымен келісіп, сатып алып, тасымалдап әкеліп егуде.

           Көктемгі егіс жұмыстарына 23 бірлік Газ-53 жүк көлігі, 47 бірлік әртүрлі маркадағы трактор, оның ішінде 3 бірлік К-700, 15 бірлік МТЗ-1221, 4 бірлік  ДТ-75, 25 бірлік МТЗ-80-82; 31 бірлік ҚХР тракторлары, 47 соқа,  47 тырма, 31 бірлік  тұқым сепкіштер, оның ішінде 20 дәнді-дақылдарға арналған, 6 картоп салатын, 3 көкөніс, бақшалық дақылдарға арналған тұқым сепкіштер қатысуда.

Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан ауданның шаруашылық құрылымдарына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге сәуір айына - 195 тонна, мамыр айына – 65 тонна, маусым айына – 17 тонна, жиыны 277 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Биылғы жылы ауданымызға дизель отынын тасымалдап жеткізіп, шаруашылық құрылымдарына босатып беруге Оператор болуға «Силк Уэй Петролеум» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келіcілді.

«Силк Уэй Петролеум» ЖШС-нің шаруашылықтарға Аягөз қаласындағы мұнай базасынан тікелей жүк көлігімен тасымалдап әкеліп, ИП Набиевтың жанар-жағармай құю бекетіне 1 литр дизель отынын 220 теңгеден құяды. Шаруашылық құрылымдары ауыл әкімдерінің берген тізімдеріне сәйкес бөлінген көлеміне қарап 1 (бір) литр дизель отынын 230 теңгеден сатып алуда.

Бүгінгі күні сәуір айына бөлінген 195 тонна дизель отынының 67 тоннасы тасымалданып әкелініп, ауданның шаруашылық құрылымдарына босатылып берілді. Алдағы уақытта да бөлінген дизель отыны шаруашылықтарға босатылып берілетін болады. Биылғы жылы ауа райының қолайсыз болуына байланысты көктемгі егіс жұмыстары кеш басталды.

Бүгінгі күні аудан бойынша көктемгі егіс жұмыстарында 1300 га егістік жер көлемдері жыртылып, тырмаланып өңделді. 550 гектар егістік алқапқа дәнді дақылдар, 500 гектарға көпжылдық шөптер, 95 гектарға көкеніс, 135 гектарға картоп егілді. Көктемгі егіс жұмыстарын маусым айының 15-не дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Сәтпаев ауылдық округіне қарасты «Ықыбай» шаруа қожалығы алғаш рет 754 га суармалы егістік алқапты суландыру және сумен жабдықтау инфрақұрылымының құрылысы жобасы жаңбырлатып суару технологиясы жобасын іске қосуды жоспарлаған болатын. Ағымдағы жылы сыйымдылығы 102 мың. м3 болатын 339 га суармалы егістік алқапты сумен қамтамасыз етуге арналған су жинақтаушы резервуарды іске қосу көзделген. Жобаны іске қосу мерзімі 2023 жылдың мамыр-маусым айларына межеленген болатын.

 Алайда бүгінгі күні аталған жобаны іске қосу үшін тиісті қаражаттың уақытында бөлінбеуіне байланысты Көкжыра ауылынан электр желісін тарту жұмыстары басталмай отыр. Сол себепті жоғары қуатты су сорғысын іске қосу мүмкін болмай отыр.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 6 бабының 1 - тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

          Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Б.Сербатыровтың хабарламасы еске алынсын.

  1. 2023 жылдың аудан бойынша ауылдық округтерде суармалы егістік жер көлемдерінің жоспар тапсырмаға сәйкес игерілуін ұйымдастырсын, қажетті шаралар қабылдасын;
  2. Суармалы егістік жерлері бар ауылдық округтерде 2023 жылы игерілетін ұлғайтылған егістік көлеміне сәйкес егістіктің көлемдері анықталып, егістіктің орналасу картасын жасасын;
  3. Өсімдік шаруашылығын қолдауға мемлекет тарапынан берілетін субсидияны алуға шаруашылық құрылымдарына түсінік жұмыстарын жүргізіп, практикалық көмектер көрсетсін, игерілуіне көмек жасасын;
  4. Егіншілікпен айналысатын ауыл шаруашылық құрылымдарының мемлекет тарапынан берілетін арзандатылған дизель отынымен қамтылуын ұйымдастырсын;
  5. Ауылдық округ әкімдеріне көктемгі егіс жұмыстарына қатысатын ауыл шаруашылық техникаларының дайындық барысына қадағалау жасау тапсырылсын.
  6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясына ұсынылсын.

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                            Ж.Оразғалиев

 

 

шешім №3/3-VIII
Дата публикации
29 января 2024