Сегізінші шақырылған
Ақсуат ауданы
мәслихатының кезекті
үшінші сессиясының
күн тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11, 19 баптарына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
Аудандық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясының күн тәртібі бекітілсін:
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер ұсынылады.
Хабарламашы Серікова Сая Серікқызы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2022 жылы Ақсуат ауданының бюджетінің орындалуы туралы Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының жылдық есебі (қорытынды);
Әзімбаев Ернұр Мұсабайұлы - Абай облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.
Хабарламашы Сербатыров Бейбіт Сербатырұлы - ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.
Хабарламашылар – ауылдық округ әкімдері.
1) Абай облысы Ақсуат аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №13/2-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған Ақсуат ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы Серікова Сая Серікқызы - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Ақсуат ауданы мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы №8/5-VІІ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.
3) Ақсуат ауданы мәслихатының 2022 жылғы 28 қазандағы №9/4-VІІ «Терроризмге қарсы аудандық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
4) Ақсуат ауданы мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы №8/6-VІІ «Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі аудандық ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
5) Ақсуат ауданы мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы №8/7-VІІ «Аудандық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.
6) Ақсуат ауданы мәслихатының 2022 жылғы 7 қазандағы №8/3-VІІ «Ақсуат аудандық жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
7) Қызыл жұлдыз елді мекенін Аңдамас деп қайта атау туралы.
8) Екпін ауылындағы Жанболат көшесі мен І – квартал көшесінің атауын Райымжанқажыұлы Тастекей атауына ауыстыру туралы.
Ақсуат ауданы
мәслихатының төрағасы Ж.Оразғалиев