Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары, тұрақты комиссияларының жұмыс жоспарын бекіту туралы

Ақсуат ауданы мәслихатының                                                               

2023 жылға арналған жұмыс

жоспары, тұрақты комиссияларының

жұмыс жоспарын бекіту туралы 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 8 бабының 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсуат ауданы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары 1- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Депутаттық өкілеттік, этика, заңдылықтар және денсаулық сақтау, әлеуметтік мәселелер, бюджет, экономикалық реформалар жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспары 2- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  3. Ауыл шаруашылығы, ветеринария, агроөнеркәсіп кешені, шағын және орта бизнес, кәсіпкерлік, құрылыс, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс жоспары 3- қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  4. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                                                   Ж.Оразғалиев

                                                                                       

 

 

шешім
Дата публикации
11 января 2024