Сегізінші шақырылған Ақсуат ауданы мәслихатының Регламентін бекіту туралы

Сегізінші шақырылған                                                                      

Ақсуат ауданы

мәслихатының Регламентін                             

бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына сәйкес, Ақсуат ауданы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақсуат аудандық мәслихатының регламенті осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін;
  2. Ақсуат аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 маусымдағы №1/3-VІІ «Жетінші шақырылған Ақсуат аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
  3. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.

 

 

Ақсуат ауданы

мәслихатының төрағасы                                              Ж.Оразғалиев

 

 

 

 

 

шешім
Дата публикации
11 января 2024