Ақсу ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру
Ақсу аудандық мәслихаты:
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереже негізінде, Қостанай қаласы Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі - Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланатынын хабарлайды.
Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: 12 (он екі) адам.
Мемлекеттік органнан өкілдік: 3 (үш) адам.
Коммерциялық емес ұйымдардан, азаматтардан өкілдік: 9 адам (коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстары негізінде құрылады).
Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде (2025 жылғы 23 қаңтардан бастап 2025 жылғы 5 ақпанға
дейін).
Ақсу аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы Желтоқсан 5, индекс 040100, электрондық поштаның мекенжайы – aksu-maslihat@mail.kz тел: 872832 21941
Жұмыс тәртібі: «Ақсу аудандық мәслихатының аппараты» ММ сағат 09.00 - ден 18.30 - ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.
Заңының 10 - бабында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар белгіленген:
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылмаған болуы;
3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы тиіс.
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтініші;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтері;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтамасы;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтамасы;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі беріледі.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды мемлекеттік органның немесе қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын квазимемлекеттік сектор субъектісінің ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды өз бетінше немесе жазбаша келісімі арқылы талап етуіне ұсынады.
Қоғамдық кеңесті құру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді.
1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;
3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса.
Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, ұсынысының, өтінішінің, келісуінің және кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтердің мысал ретіндегі үлгілері: