Жетісу облысы Ақсу аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Жетісу облысы Ақсу аудандық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі

конкурстың өткізілетіндігі туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

 

        

         Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің «Қоғамдық кеңестер туралы үлгілік ережені бекіту туралы» 2021 жылғы       26 ақпандағы № 69 бұйрығының 2-тарауының 1-параграфына сәйкес, Ақсу аудандық мәслихаты Ақсу ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабарландыруда көрсетілген мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе Ақсу аудандық мәслихатының электрондық мекен-жайына жібереді:

1) осы хабарламадағы қосымшаға сәйкес кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) кандидатураны (бар болған кезде) жұмыс тобының мүшесіне ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы;

3) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

          5) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

          6) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

          7) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Жұмыс тобының сандық құрамы – 7 адам, оның ішінде: 5 адам коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар және 2 адам мемлекеттік органдар өкілдері.

Құжаттарды беру мерзімі – 2025 жылғы қаңтар айының 13-нен                 17 –не дейін.

          Ақсу аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамын қалыптастыру бойынша  жұмыс тобына кандидатуралар туралы ұсыныстарды және өтініштерді қабылдайтын мемлекеттік орган – Ақсу аудандық мәслихатының аппараты, пошта мекенжайы Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауылы Желтоқсан 5, индекс 040100, электрондық поштаның мекенжайы – aksu-maslihat@mail.kz тел: 872832 21941

                                    .................сайтында өтініштер формалары тіркелген

 

 

 

 

 

 

 

Ақсу аудандық мәслихаты
_________________________

_________________________

 
тұратын
(елді мекен, көше, үй, пәтер)
кімнен_________________
_________________________
(өтініш берушінің аты, жөні,тегі
(бар болған жағдайда),
жеке куәлік № ____,
берілді (қашан, кім))

Өтініш

Ақсу ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз кандидатурамды ұсынамын.

Мен осы өтініш арқылы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелерімен танысқанымды растаймын және оның талаптарын сақтауға міндеттенемін.

Мынадай құжаттарды қоса беремін:

1) ________________________________________________________

2) ________________________________________________________

3) ________________________________________________________

4) ________________________________________________________

5) ________________________________________________________

6) ________________________________________________________

7) ________________________________________________________

20___ жылғы «____»              Өтініш берушінің қолы ___________

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
13 января 2025