План работы Аксуского районного маслихата

Аудандық  мәслихаттың

2023 жылғы 26 желтоқсандағы   

№ 20-94 шешімімен бекітілген

                                                                                      

Ақсу аудандық мәслихатының 2024 жылға арналған

Ж Ұ М Ы С   Ж О С П А Р Ы

 Ақсу аудандық  мәслихаты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және өкілді органдардың жұмысын регламенттейтін басқа да заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

Мәслихаттың негізгі міндеттері тұрғындардың еркін білдіру, оны іске асыру үшін шараларды белгілеу, олардың жүзеге асырылуын бақылау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.

Атқарушы органдармен, барлық меншік үлгісіндегі шаруашылық субъектілерімен, қоғамдық ұйымдармен өзара келісілген іс-әрекеттерді негізге ала отырып, Ақсу аудандық мәслихаты өз қызметін мынадай шараларды орындауға бағыттайды:

- ауданның ауданның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін одан әрі көтеруге, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуге, өндіріске аса тиімді инновациялық технологияларды енгізуге, шағын және орта бизнесті, жалпы, кәсіпкерлікті қолдауға және дамытуға;

  - Қазақстан Республикасы Конституциясының, мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын азаматтар мен ұйымдардың орындауына ықпал етуге;

- аудандық мәслихаттың депутаттарының, тұрақты комиссияларының, аппаратының нормашығармашылық жұмыстарының нәтижелілігін арттыруға, мәслихаттың күнделікті қызметінде демократиялық қағидаттарды сақтауға;

- аудандық бюджеттің қалыптасуы мен атқарылуына, бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыруға;

            - тұрғындарды қолдау және қорғау бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруға;

            - заңдылықты және қоғамдық тәртіпті нығайтуға, өңір тұрғындарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге;

            - қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру және табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі бағдарламаларды іске асыруға.

         2024 жылға белгіленген шараларды жүзеге асыру үшін мынадай мәселелерді қарау жоспарланады:

І. Аудандық мәслихаттың сессияларында қаралатын мәселелер

 І тоқсан

  1. Ақсу ауданындағы денсаулық сақтау нысандары мен қызметтерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар туралы.
  2. «Ақсу ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы».

 

ІІ тоқсан

  1. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамында қабылданған салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру және 2023 жылғы аудандық және ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп.
  2. «Көшкентал ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы».

 

ІІІ тоқсан

  1. Өзіне жүктелген  функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудан әкімі Б.Т.Тынышбаевтың есебі туралы.

                                                                                                           

ІV тоқсан

  1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы.
  2. Атқарылған жұмыстар туралы Ақсу аудандық мәслихаты төрағасының есебі туралы
  3. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының есептері.
  4. «Жансүгіров ауылдық округ әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау жөніндегі аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі туралы».

 

 

ІІ. Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия 

I тоқсан

  1. Білім беру мекемелері мен қосымша білім беру мекемелерінің қолжетімділігі мен қызмет сапасын арттыру шаралары туралы

 IIтоқсан

          1.2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп.

2.Ақсу ауданы ауылдық округ бюджеттерінің атқарылуы туралы

III тоқсан

  1. Жол инфрақұрылымы мен тасымалдауды ұйымдастыру іс-шаралары туралы.

2.«Ақсу ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен атқарылған жұмыстар туралы

IV тоқсан

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасы туралы.
  2. 2. Аудандық мәслихаттың «Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2024 жылғы есебі.

 

ІІІ. Экономикалық және аймақтық даму, өндіріс салалары, аграрлық – экологиялық кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия: 

І тоқсан

         1.«Ақсу аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары» мемлекеттік мекемесінің атқарылған жұмыстары туралы есебі.

  1. Аудан аумағында ауылшаруашылық мақсатындағы сумен қамтамасыз ету және үнемдеуді жақсарту бойынша іс-шаралардың орындалуы туралы.

ІІ тоқсан

         1.Халықтың осал топтарын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалардың орындалуы туралы

ІІІ тоқсан

  1. Ауданда тұрақты туризмді дамыту бойынша іс-шаралардың атқарылуы туралы.

 ІVтоқсан

  1. 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлігінде қарау туралы.
  2. Аудандық мәслихаттың «Экономикалық және аймақтық даму, өндіріс салалары, аграрлық – экологиялық кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023 жылғы есебін бекіту туралы.

 

 

 

Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы төрағасы С.Баянованың есебі.

 

Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы.

 

Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына және аудандық мәслихаттың Регламенті мен жұмыс  жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Аудандық мәслихат жоспарлы негізде талқылауға жатқызылған мәселелердің толыққанды дайындалуына басты көңіл бөледі. Мәселелерді кеңінен зерттеу мақсатында Дайындалған анықтамалық құжаттар, ұсыныс-пікірлер, шешім-қаулылар жобалары алдын-ала мәслихат сессиясына, тиісті бөлімдер мен мекемелер басшыларына беріледі. Сессиялар жұмысы мен тұрақты комиссиялар отырыстарына қажетті саналатын көпшілік қауым шақырылады. Талқыланған мәселелер бойынша қабылданған шешімдер мен қаулылар қадағалауға қойылып, көрсетілген мерзімдерде орындалу барысы тексеріліп отырылады. Қажеттілігіне қарай, жауапты орындаушылардың есептері де тыңдалады.

Тұрақты комиссиялардың талқылануына жоспарлы түрде дайындалатын мәселелер де  аудан өмірінің аграрлық, кәсіпкерлік, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, т.б. маңызды проблемаларына байланыстырылады.

  Тұрақты комиссиялар өз жоспарларына сәйкес әр тоқсан сайын отырыстарын өткізіп,  қаралған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

Бюджет, әлеуметтік- мәдениет салалары, заңдылық және құқық қорғау  мәселелері жөніндегі  комиссия мүшелері төмендегідей құрамда бекітілді:

  1. Абдрахманов Қайрат Сәкенұлы
  2. Амангелді Ерасыл Әділұлы
  3. Өмірбеков Марат Сембекұлы
  4. Смағұлов Семсер Оралұлы

      Жыл басында комиссия төрағасы болып Ибраимова Рахат Нығметбекқызы сайланған, кәзіргі кезде комиссия төрағасына депутаттар мені сайлады, комиссия хатшысы  болып Смағұлов Семсер Оралұлы сайланды.

      Тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, отырыстың жоспары және аудан бойынша өзекті де маңызды мәселелер сараланып, күн тәртібіне қойылды.

      Бюджет, әлеуметтік- мәдениет салалары, заңдылық және құқық қорғау  мәселелері жөніндегі» комиссия отырысында қаралған мәселелер:

 

Бірінші тоқсанда:

2023 жылғы 24 сәуірде «Бюджет, әлеуметтік-мәдени сала, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері» және «Экономикалық және өңірлік даму, өндірістік салалар, аграрлық-экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық шаруашылық мәселелері»жөніндегі бірлескен тұрақты комиссиялардың отырысында  Ақсу ауданында жастар саясаты мен ветеринариялық бақылауды күшейту туралы мәселелер қаралды.

         Комиссия алдымен Ақсу аудандық ішкі істер бөлімінің ювеналды полиция өкілі, полиция подполковнигі Қ.Нұрлыбекова мен Ақсу аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Рамазановтың «Ақсу ауданында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, балалардың панасыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу жөніндегі атқарушы органдар мен аудандық полиция бөлімінің жұмысы туралы»тақырыбындағы баяндамаларын тыңдап, талқылады. Комиссия мұқият талқылаудан кейін ерте араласудың маңыздылығын мойындады және білім бөліміне қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін оқушылар мен мектептегі білім беру бағдарламаларын күшейтуді ұсыныс берді. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы сексуалдық зорлық-зомбылықтың алдын алу және хабардар ету мақсатында мектеп психологтарымен тұрақты жұмыс жасау қажеттігі айтылды.

 

Екінші тоқсанда:

      «2022 жылға арналған аудандық бюджетінің атқарылуы» туралы мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Ақсу ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Г.Жандосованың есебі тыңдалды.

Ақсу ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:                 - бюджет қаражаты   мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану  кезінде қаржылық және атқарушылық тәртіпті арттыру;           - бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде заңнаманың , соның ішінде сатып алынатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің ) қажеттілігін және олардың санын растайтын құжаттар мен есеп-қисаптардың талдауды қамтамасыз ету;             Тұрақты комиссия отырысында «Ақсу аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік активтерді, коммуналдық меншікті басқару тиімділігін бақылау бойынша жұмысты күшейту, оның көлемін арттыру бойынша шаралар қабылдау  ұсынылды.

         Аталған мәселелер бойынша мекемелерден ұсыныс-пікірлер мен сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынып, шешімдер шығарылды.

 

      Үшінші тоқсанда:

2023 жылдың 29 қыркүйекте өткен тұрақты комиссия отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша «Ақсу ауданында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы»         «Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекетік мекемесінің басшысы  Н.Қасымбековтың, «Цифрлық технологияларды енгізу және жүктелген функциялар мен міндеттердің  2023 жылға орындалуына жауапты аудан әкімі аппаратының бірінші жарты жылдық бойынша есебі туралы»  «Ақсу аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы»   Қ.Қалмухамбетовтың есептері тыңдалды;

           Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының қолдану шараларын қарастыру, мемлекеттік қызметтерді аудан бойынша электронды түрде алу насихат жұмыстарын күшейтуді жүргізу комиссия тарапынан тапсырылды.

      Сондай-ақ, тұрғылықты халық арасында терроризм мен экстремизмнің қауіп-қатері, оның алдын алу шаралары туралы материалдармен интернет желісі арқылы таныстыру және түсіндіру жұмыстарын пысықтау тапсырылды. Адамдар көп шоғырланған жерлерде тыйым салынған діни кітаптар мен заттарды сату,тарату мәселесін ұдайы  бақылауда ұстау керектігі ескертілді.

      Комиссия мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды ескере отырып, тиісті күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, сұрақтар мен ұсыныстар назарға алынып, шешімдер шығарылды.

 

Төртінші тоқсанда:

    2023 жылғы 25 желтоқсан күні бірлескен комиссия отырысында «Ауданның  2024-2026 жылдарға арналған жылдың бюджетінің бекітілуі туралы» мәселе қаралды. Ол туралы әріптесім Марат Дәулетұлы кеңінен айтып өтті, қайталау қажеттілігі жоқ шығар.

 

                  Сессияға қатысушылар!

     Ақсу аудандық мәслихатының «Бюджет, әлеуметтік – мәдениет салалары, жастар саясаты, заңдылық және құқық қорғау мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023  жылы атқарған жұмыстары туралы есебін бере отырып, алдағы уақытта комиссия мүшелері ретінде аудандық мәслихаттың сессияларында экономикалық реформа, қаржы және салық саясаты, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жоспарлары мен бағдарламаларына байланысты мәселелерді қарауды және олар бойынша  тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді қолдау және ұсыныстарды енгізу практикасын жалғастыратынын мәлімдейміз.

Ауданның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарлары мен бағдарламаларының жобалары, оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша қорытындылар дайындау, олардың орындалуы туралы есептерді тыңдау жөнінде ұсыныстар енгізу арқылы жұмыстарымызды жандандыра түсетінімзге сенім білдіремін.

         Тұрақты комиссияның барлық мүшелеріне жемісті жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді және тұрақты комиссияның қызметін жетілдіру мәселесі тұрақты бақылауда болатынын және тұрақты комиссия мүшелері алға қойған міндеттерді сапалы, кәсіби және жауапты түрде орындауға қол жеткізу үшін бірлесіп барлық күшін салады деп өздеріңізді сендіргім келеді.

 

    

 

 

 

         Комиссия төрағасы                                                             С. Баянова

 

 

Ақсу аудандық мәслихаттың экономикалық және аймақтық даму,   өндірістік    салалары,     аграрлық- экологиялық, кәсіпкерлік,  коммуналдық   қызмет   жөніндегі   тұрақты комиссиясының төрағасы Д.Естібаевтың есебі.

 

Экономикалық  және  аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық – экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы.

 

Аудандық мәслихаттың Экономикалық  және  аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық – экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына және аудандық мәслихаттың Регламенті мен жұмыс  жоспарына сәйкес жүзеге асырылып отырады.

Аудандық мәслихатта талқылауға жатқызылған мәселелердің толыққанды дайындалуына жоспарлы негізде басты көңіл бөлінеді. Тұрақты комиссиялардың талқылануына жоспарлы түрде дайындалатын мәселелер аудан өмірінің әлеуметтік-экономикалық, аграрлық, кәсіпкерлік, құқықтық, т.б. маңызды проблемаларына байланыстырылады. Жоспарға сәйкес әр тоқсан сайын отырыстарын өткізіп, қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылдайды.

Экономикалық және аймақтық даму, өндіріс салалары, аграрлық – экологиялық кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссия мүшелері қазіргі кезде төмендегідей құрамдағы депутаттар бекітілді:

Абдырахманов Аблай Қанатұлы

Нұрмекенов Дәурен Нұрмекенұлы

Жуанышев Талғат Жұмашұлы

Уалиев Талғат Сайлаубекұлы

Комиссия төрағасы болып Естібаев Марат Дәулетұлы, комиссия хатшысы болып Уалиев Талғат Сайлаубекұлы сайланды.

Тұрақты комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес, отырыстың жоспары және аудан бойынша өзекті де маңызды мәселелер сараланып, күн тәртібіне қойылды.

         2023 жылы «Экономикалық және аймақтық даму, өндірістік салалары, аграрлық-экологиялық, кәсіпкерлік, коммуналдық қызмет мәселелері жөніндегі» комиссия отырысында қаралған мәселелерге келер болсақ:

Бірінші тоқсанда:

«Ақсу ауданында  ветеринариялық бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысы» туралы мәселесі қаралды.

2023 жылдың 24 сәуір күні тұрақты комиссия отырысында аталған мәселе бойынша Ақсу аудандық аумақтық ветеринариялық бақылау және  қадағалау инспекциясының басшысы М.Келгенбаев пен аудандық ветеринариялық станциясы мекемесінің директоры Г.Болатхан есептерін берді. Есеп барысында Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына сәйкес, аудан аумағында ветеринариялық қағидалардың, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің орындалуы  ерекше бақылауда тұрғандығын жеткізді. Ауданда мал шаруашылығы қарқынды дамып, жылма жыл жеке аулалар мен шаруа қожалықтарында  мал  басының өскендігі айтылды.

Күн тәртібіне сәйкес отырыс соңында тұрақты комиссия отырысына қатысқан азаматтар мен депутаттар тарапынан аудандық ветеринария станциясы мекемесі мен ауылдық округ әкімдерінен аудан аумағында ветеринариялық құжаттардың - ветеринариялық-санитариялық қорытынды, арнайы нысандағы  жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа ветеринариялық дәрігер беретін ветеринариялық анықтамалардың беру тәртібін қатаң түрде сақтау сұралды.

Сонымен қоса, жануарларды есепке алу, ветеринариялық паспорт жұмыстарын күшейту және ауылдық округтердегі «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» деректер базасын, ондағы көрсетілген есептегі жануарлардың уақытында есептен шығару және саны жайлы мәліметтерді енгізу жұмыстарына қадағалауды күшейту, ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру, жүйелі түрде жүргізу және ауылдық округ аумақтарында тұрақты түрде санитариялық тазалауды ұйымдастыру жұмыстары ұсынылды.

Ұсыныстар мен ескертпелер ескеріліп, тиісті қаулы қабылданды.

 

Екінші тоқсанда:

Тұрақты комиссияның 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес 2023 жылдың 26 маусым күні «Білім беру мекемелерінің жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы»  мәселесі қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша: «Ақсу аудандық білім бөлімінің бас маманы С.Қожанова есеп беріп, Ақсу аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Б.Темірханов қосымша хабарлама жасады.

Баяндама барысында ауданның мектеп жанындағы, қосымша білім ұйымдарындағы ыстық тамақпен қамтылған және ыстық тамақпен қамтылмаған күндізгі лагерлерде балалардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру іс-шаралары  қолға алынғандығы айтылды.

Сонымен қатар, аудандағы білім мекемелері басшыларына жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасылар, көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылар балалары мен даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың да жазғы демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету мәселесі қаралды.

Сондай-ақ, балалардың жазғы кезеңде су айдынындағы шомылу қауіпсіздігін және өрт қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне көңіл бөлу және тиісті ережелерді орындау жөнінде қатаң қадағалауды және жазғы кезеңде балалар сауықтыру ұйымдарының санитарлық-эпидемиологиялық және балаларды сауықтыру лагерлеріндегі тамақтандыруды ұйымдастырудың жай-күйін бақылауды күшейту және қамтамасыз ету шаралары тапсырылды.

Депутаттар өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып,  қосымша қойылған сұрақтарға аталған бөлімдердің басшылары тарапынан тиісті жауаптар берілді.    

 

Үшінші тоқсанда:

«Ақсу ауданында жұмыспен қамту бағдарламаларының орындалу барысы туралы» мәселе қаралды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 2023 жылдың 29 қыркүйек күні Ақсу ауданының мансап орталығы филиалының директоры Б.Құрманғалиеваның есебі тыңдалды.

Есеп барысында мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында аудан бойынша тиісті үйлестіру жұмыстары жүргізіліп отырғандығын айтып өтті. Аудан бойынша жұмыспен қамтудың кешенді жоспарына сәйкес ауыл тұрғындарын округтердегі шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерге тұрақты жұмысқа орналастыру шараларын қамтамасыз ету басты назарда екендігін, ауданда жұмыссыздарға «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі мен «ашық есік» күнін тиісті жұмыс беруші мекемелердің қатысуымен жоспарлы түрде ұдайы өткізілетіндігін жеткізді.

Баяндама соңында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы аудандық мансап орталығы мен ауылдық округтер әкімдеріне мемлекет тарапынан бөлінетін гранттар мен шағын несиелер және жаңадан бизнес идеяларды іске асыруға жоспарлы гранттар бойынша ұдайы ауыл тұрғындарына қолдау көрсету, халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың күнкөріс деңгейін көтеру үшін нақты шаралар қабылдап, тұрақты түрде сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

        

Төртінші тоқсанда:

         «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын талқылау туралы» мәселесі 2023 жылдың 25 желтоқсанда тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қаралды. Мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы  Г.Жандосова хабарлама жасады.

         Ағымдағы жылдың желтоқсанына дейінгі атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, шешімін таппай отырған мәселелер және алдағы уақытта атқарылуға тиісті негізгі міндеттер жөнінде, сонымен қатар аудандық бөлімдер мен барлық ауылдық округтерінде салалар бойынша жоспарланған көрсеткіштерді орындау, бюджетті игеру мәселелері мен кемшіліктеріне талдау жүргізіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі бойынша қорытынды және алдағы жылдарға бюджеттік жоспарлау туралы мәлімет  баяндалды.

Нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар берілді.

Ақсу ауданының бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне:

- бюджет қаражаты   мен мемлекет активтерін жоспарлау және пайдалану  кезінде қаржылық және атқарушылық тәртіпті арттыру;

- бюджет шығыстарын жоспарлау кезінде заңнаманың, соның ішінде сатып алынатын тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің ) қажеттілігін және олардың санын растайтын құжаттар мен есеп-қисаптардың талдауды қамтамасыз ету;       

-  бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде бұзушылықтарға жол беретін ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін жүзеге асыру бойынша тиісті бақылауды қамтамасыз ету;

- қызметкерлердің өздеріне сеніп тапсырылған жұмыс учаскелерінде өз функционалдық міндеттерін тиісінше орындауын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.

 

         Жалпы жыл бойы өтілген тұрақты комиссия отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелері толығымен қаралып, комиссия мүшелерінің және бөлім, мекеме басшыларының сұрақтары мен ұсыныстары назарға алынды. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 15 бабының 2 тармағына сәйкес осы мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

        

         Құрметті комиссия мүшелері!

         Отырысқа қатысушылар!

         Ағымдағы 2023 жылда атқарылған жұмыстарды саралай келе, алдағы уақытта да тұрақты комиссия отырыстарында ауданның шалғай аймақтарының проблемаларына ерекше назар аудару, ауылшаруашылық саласын, қоршаған ортаны қорғау проблемасын, жолдарды, коммуникацияларды салу және жөндеу, әлеуметтік және тағы басқа мәселелерді шешуге тиімді ықпал ету практикасын жалғастыру қажет деп санаймыз.

         Тұрақты комиссияның барлық мүшелеріне жемісті жұмыстары үшін алғысымды білдіргім келеді және тұрақты комиссияның қызметін жетілдіру мәселесі тұрақты бақылауда болатынын және тұрақты комиссия мүшелері алға қойған міндеттерді сапалы, кәсіби және жауапты түрде орындауға қол жеткізу үшін бірлесіп барлық күштерін салады деп өздеріңізді сендіргім келеді.

 

 

 

         Комиссия төрағасы                                                             М.Естібаев 

Дата публикации
09 января 2024