2023 жыл 27 желтоқсан № 21-96 27 декабря 2023 года
Ақсу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін
сайлау туралы
Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7-1) тармақшасына сәйкес Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық мәслихаттың төрағасы Б. Сүлейменов
Ақсу аудандық мәслихатының Ақсу аудандық аумақтық және учаскелік сайлау
комиссияларының мүшелерін сайлау туралы хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң)
10-бабына сәйкес, Орталық сайлау комиссиясын қоспағанда, сайлау комиссияларының құрамдарын тиісті мәслихаттар қалыптастырады.
Ақсу аудандық мәслихаты 2023 жылғы 27 желтоқсанда 5 жыл мерзімге аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлады. Мәслихат қолданыстағы заңнамаға сәйкес сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізді. Мәселен, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 10-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес, 2023 жылғы 8 қарашада аудандық мәслихаттың ресми сайтында жаңа құрамның құрылуы туралы хабарлама орналастырылды. 2023 жылғы 9 қарашадан 8 желтоқсанға дейін сайлау комиссияларының құрамдары туралы ұсыныстар беру мерзімі мен олардың орналасқан жері көрсетілген сайлау комиссияларының тiзбесi жарияланды.
Конституциялық заңға сәйкес әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Мәслихаттың атына сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын кандидатуралар бойынша, олардың жұмысына қатысуға келісім беру туралы үміткерлердің өтініштері қоса берілген ұсыныстар алынды, оның ішінде 5 (бес) саяси партиядан: «AMANAT» партиясынан, Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясынан, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясынан, «Respublika» партиясынан, Қазақстанның Халық партиясынан және 4 (төрт) қоғамдық бірлестіктен.
2023 жылдың 27 желтоқсанында аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына 245 мүшелерді сайлау үшін Ақсу аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылды. Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 245 мүшесі сайланды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10, 20-баптарының талаптарына сәйкес белгіленген тәртіппен және мерзімдерде алғашқы отырыстары өткізілді, оларда комиссиялардың төрағалары, төрағаларының орынбасарлары, хатшылары сайланды.
Сіздердің назарларыңызға аудандық аумақтық және 44 учаскелік сайлау комиссияларының құрамын және олардың орналасқан жерін хабарлаймыз: