Жансүгіров ауылы село Жансугурова
Ақсу аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы
«Ақсу ауданының 2023-2025 жылдарға арналған
бюджеті туралы» № 36-132 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақсу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 6 606 016 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 395 040 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 119 178 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 10 593 мың теңге;
трансферттер түсімдері 6 081 205 мың теңге;
2) шығындар 6 661 972 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 101 293 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 165 600 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 64 307 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге, оның ішінде:
қаржылық активтерді сатып алу 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 157 249 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)
157 249 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі 165 600 мың теңге;
қарыздарды өтеу 77 713 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары 69 362 мың теңге.».
|
Ақсу аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Б. Сүлейменов |