Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 25-4 «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы  Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы  № 25-4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

           «1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Григорьевка ауылдық округінің бюджеті  осы шешімге  тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға  мынадай  көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 48248 мың теңге:

   салықтық  түсімдер –3917 мың теңге;

          салықтық емес   түсімдер – 234  мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          трансферттер  түсімі – 44097 мың теңге;

          2) шығындар – 48905 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді  өтеу -  0 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

          қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

          мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) - -657 мың теңге;

         5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

           - 657 мың теңге:

          қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 657 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің                                                            қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы  шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
28 августа 2023