Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 25-2 «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Астраханка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы  Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының                   «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Астраханка ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы  № 25-2 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

          «1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Астраханка  ауылдық округінің бюджеті  осы шешімге  тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға  мынадай  көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 116645 мың теңге:

   салықтық  түсімдер –2897 мың теңге;

          салықтық емес   түсімдер – 0  мың теңге;

          негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          трансферттер  түсімі – 113748  мың теңге;

          2) шығындар – 117840,8 мың теңге;

          3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді  өтеу -  0 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

          қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

          мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1195,8  мың теңге;

         5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

           - 1195,8  мың теңге:

          қарыздар түсімі - 0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1195,8  мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің                                                           қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы  шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
28 августа 2023