Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 25-1 «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының                 «2023-2025 жылдарға арналған Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы  № 25-1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа  редакцияда жазылсын:

     «1. 2023-2025 жылдарға арналған  Аққайың ауданының Аралағаш ауылдық округінің  бюджеті  осы шешімге тиісінше 1, 2 және                                   3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2023 жылға  мынадай  көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 118381 мың тенге:

         салықтық  түсімдер - 4236 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер - 0 мың тенге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

         трансферттердің түсімі - 114145 мың теңге;

2) шығындар – 118383,2 мың теңге;         

3) таза бюджеттік кредиттеу –0 мың теңге:

          бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

          бюджеттік кредиттерді  өтеу -  0 мың теңге;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 мың теңге:

          қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге;

          мемлекеттің  қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;

          5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 2,2 мың теңге;

          5-1) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) - 0 мың теңге;

          6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

           - 2,2 мың теңге:

          қарыздар түсімі – 0 мың теңге;

          қарыздарды өтеу - 0 мың теңге;

          бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 2,2 мың теңге.»;

          көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің                                                          қосымшасына  сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы  шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
28 августа 2023