Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданы мәслихаты ШЕШТІ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 19-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4674 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген, «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінің 2-тармағының 12) тармақшасы, 5-тармағының екінші абзацы және 6-тарауы 2023 жылдың 31 тамызына дейін әрекет ететіні белгіленсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.