13 мамыр күні аудандық мәслихат залында Аққайың ауданының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Кездесу барысында 2022 жылғы 5 маусымда өтетін негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жалпы, түзетулер Конституцияның 30-дан астам бабына қатысты болады, бұл Негізгі Заңның үштен бір бөлігін құрайды.
Қатысушылар Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған түзетулер енгізу туралы шешімін бірауыздан қолдады. Мұндай тарихи оқиға біздің еліміз үшін маңызды.
Аққайың ауданының қоғамдық кеңесі