Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының (ары қарай-сайлау туралы Конституциялық Заң) 10-бабына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданының мәслихаты 11 округтік және 2 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы қалыптастырылғаны жөнінде хабарлайды:
Округтік және учаскелік сайлау комиссиялары бес адам құрамында құралады.
Әрбір саяси партия тиісті округтік және учаскелік сайлау комиссия құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия округтік және учаскелік сайлау комиссия құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар округтік және учаскелік сайлау комиссияларына өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.