GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Мәслихат туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Абай облысы мәслихаты
Мәслихат сессиясы
07 октября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарының және облыс тұрғындарының назарларына

2026 жылдың 09 қазанs сағат 10:00-ге, облыс әкімдігінің ғимаратында, Абай облысы мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының отырысы белгіленді.

Өткізілетін мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, К.Мухамедханов көшесі, № 8, 1 қабаттағы мәжіліс залы.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 09:30-да басталады.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер:

          1. Абай облысы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы. 

          2. Абай облысының «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы.

3. Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 5 қазандағы № 8/44-VII «Абай облысы бойынша үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

         

 

          Абай облысы мәслихатының аппараты

01 октября 2026
ХАБАРЛАНДЫРУ Абай облысы бойынша округтік сайлау комиссиясының мүшелерінің бос лауазымдары туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес, Абай облысы мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандатты аумақтық сайлау округі бойынша округтік сайлау комиссиясы мүшелерінің пайда болған мынадай бос лауазымдары қалыптастырылатынын хабарлаймыз:
 
1. Бірмандатты аумақтық сайлау округі №1 бойынша сайлау комиссиясы – 3 бос лауазым;
2. Бірмандатты аумақтық сайлау округі №2 бойынша сайлау комиссиясы – 1 бос лауазым;
3. Бірмандатты аумақтық сайлау округі №3 бойынша сайлау комиссиясы – 1 бос лауазым;
4. Бірмандатты аумақтық сайлау округі №5 бойынша сайлау комиссиясы – 2 бос лауазым;
5. Бірмандатты аумақтық сайлау округі №6 бойынша сайлау комиссиясы – 2 бос лауазым;
6. Бірмандатты аумақтық сайлау округі №7 бойынша сайлау комиссиясы – 2 бос лауазым;
7. Бірмандатты аумақтық сайлау округі №8 бойынша сайлау комиссиясы – 5 бос лауазым;
8. Бірмандатты аумақтық сайлау округі №10 бойынша сайлау комиссиясы – 2 бос лауазым.
 
  Сайлау комиссиялары және округтер туралы ақпарат сайтта жарияланған: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/documents/details/393547?lang=kk
 
  Округтік сайлау комиссиялары бес мүшеден тұрады. Комиссиялардың өкілеттік мерзімі – бес жыл.
  Округтік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде облыс мәслихаты сайлайды.
  Әрбір саяси партия тиісті округтік сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
  Саяси партия осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Мәслихат белгілеген, сайлау комиссияларын құру мерзіміне дейін он бес күннен кем болмауға тиіс мерзімінде саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысатыны туралы өтініштерін қоса береді.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.
  Сайлау комиссиясының мүшесі бола алмайды: 
  сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам; 
  сот iс-әрекетке қабілетсiз немесе iс-әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адам;
  халықаралық ұйымдар мен халықаралық қоғамдық бірлестіктер, шетелдік мемлекеттік органдар, шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар тарапынан қаржыландырылатын саяси партияның немесе өзге де қоғамдық бірлестіктің ұсынысы негізінде ұсынылған және (немесе) сайланған адам. 
 
  Құжаттар 2026 жылғы 01 қазаннан бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жұмыс уақытында Семей қ., Қайым Мұхамедханов к-сі, № 8, (№ 208 каб.) мекенжайы бойынша «Абай облысы мәслихатының аппараты» ММ-не ұсынылады немесе abai.oblmaslihat@yandex.kz электрондық поштаға әрі қарай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынумен жолданады. 
Анықтама телефондары: 87777488430 (Ерхат Сарманұлы).
 
Ескерту: сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау жұмыс күндері сағат 09:00-18:30 аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-дан 14:30-ге дейін (демалыс күндері құжаттар көрсетілген электронды пошталары арқылы қабылданады).
 
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер нақты сайлау комиссиясының мүшелігіне ұсынылған кандидаттар тізімін Абай облысы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Рафаиль Сайтмагруфович Хазиповтың атына жолдайды.
 
Ұсынысқа төмендегі құжаттар қоса жалғанады:
1) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың жарғыға сай тиісті өкілеттігі бар құрылымдық бөлімшелерінің отырыстарының тиісті сайлау комиссиясының мүшелігіне кандидат ұсыну туралы қаулыларынан көшірмелер;
2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің Әділет органдарында тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
3) кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім бергендігі туралы өтініші;
4) кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі.
 
  Мәслихатқа ұсынылатын қағаз форматтағы барлық құжаттарға қол қойылған, мөрмен расталған болуға және орындалған күнін, орындаушы туралы, оның аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген белгіні қамтуға тиіс.
 
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
 
 
 
 
нысан
Абай облысы мәслихатының төрағасы
______________________________________________________
(мәслихаттын толық атауы)
____________________________________________________
(Т.А.Ә. )
Мекен жайы _____________________________________
(Абай облысы,
____________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(жұмыс орның, үйдін, мобтльді  телефон нөмірі)
 
Өтініш
Мен,____________________________________________________________________________
      (өтініш берушінің Т.А.Ә.)
________________________________________________________________ ұсынылған       (саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы) Қазақстан Республикасының азаматы,
__________________________________________________ жұмысына қатысуға келісімімді беремін
                     (сайлау комиссиясының атауы)
 Сайлау жүйесінде жұмыс тәжірибем бар ___________________________________________
( ия, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынып тасталмаған сотталғандығымның,  iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
 
«____»____________202__ жыл                                        _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
 Туған кезі  «____» _______________19 _____ жыл
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН)_________________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі *________________________________________________________________
Білімі       _________________________________________________________________
Мамандығы  _________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі___________________________________________________________
Атқаратын қызметі__________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
                                            (куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
 Мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметті қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
                    *Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауынша көрсетіледі.    
                 ** Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстары  туралы мәліметтер _________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
 
р/б Жақын туысқандарының (болған кезде) тегі, аты, әкесінің аты ескерту
1.                  әкесі
2.                  анасы
3.                  ұлы
4.                  қызы
5.                  ағасы
6.                  әпкесі
7.                  атасы
8.                  әжесі
9.                  немересі
10.                жұбайы (зайыбы)
 
 
 Мәслихаты
(әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы) 
сайлау комиссиялары құрамына кандидатураларды ұсыну бойынша 
(саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің жарғылық атауы және орналасқан жері) 
саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы
 
№ р\б Учаске нөмірі Тегі Аты Әкесінің аты ЖСН
Туған кезі (күні, айы, жылы) Жынысы Ұлты*
Білімі (жоғары, арнаулы орта, орта) Мамандығы Жұмыс орны Лауазымы, қызмет телефоны Үй мекенжайы, пәтер, телефон
Қай партиядан, қоғамдық бірлестіктен немесе жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсынылған Партия мүшесі болып табылады ма (атауын көрсету)* сайлау комиссияларындағы жұмыс тәжірибесі, жыл
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17
 
Саяси партияның жетекшісі
басқа да қоғамдық бірлестік
немесе жоғары тұрған  сайлау комиссиясының басшысы           МО қолы  (аты-жөні)
 
Ескертпе:  
  1. *Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзiнiң ұлтын және қай партияға жататынын немесе көрсетпеуге құқылы.  
  2. Ақпарат электрондық нысанда  және қағаз форматта тиісті мәслихатқа жіберіледі. Қағаз форматтағы мәліметтер тиісті жоғарыда аталған ұйымның мөрімен куәландырылады.  
   
  орын.:  
  тел.:
 
Абай облысы мәслихаты
Мәслихат сессиясы
24 сентября 2026
Абай облысы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Уалихан Майжановтың төрағалығымен кезекті қырық бірінші сессия өтті. Өңірдің әлеуметтік, инфрақұрылымдық және цифрлық даму мәселелері қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан мәслихаттарының төрағалары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Сессияда сегіз мәселе қаралды. Білім сапасы мен жаңа оқу жылына дайындық, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына әзірлік, есірткі мен лудоманияның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. 
Сондай-ақ Президент Жолдауында қойылған цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы міндеттердің өңірде орындалуы қаралды. Күн тәртібінде жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізу, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралды. 
Арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізілген көлік құралдарын есепке алу және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары талқыланды. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді.
Сессия барысында депутаттар сұрақ қойып, бірқатар мәселе бойынша ұсыныстарын білдірді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
 
 
Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі
 
Мәслихаттың тұрақты комиссиялары
24 сентября 2026
Абай облысы мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы алдында депутаттар тұрақты комиссия отырысына жиналды

Комиссия жұмысының басты мақсаты — сессияның күн тәртібіне ұсынылған өңір үшін маңызды мәселелерді алдын ала қарастыру. Отырыс барысында депутаттар баяндамашыларды тыңдап, әр тақырып бойынша тұрғындар үшін маңызды сұрақтарды көтереді, тақырыптарды жан-жақты талқылайды және өзгертулер мен өз ұсыныстарын білдіреді. 

Бұл жолғы жиында өзекті бірнеше бағыт назарға алынды. Білім беру, жылыту маусымына дайындық, цифрландыру, су ресурстары және тағы басқа сұрақтар қаралады.

Тұрақты комиссияда алдын ала қаралған мәселелер одан әрі сессияда талқыланып, тиісті шешімдер қабылданады. Абай облысы мәслихатының кезекті қырық бірінші сессиясы бүгін сағат 11:00-де өтеді.

Облыстық мәслихатта 5 тұрақты комиссия жұмыс істейді. Әр тұрақты комиссия жылына бірнеше отырыс өткізеді.

 

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

21 сентября 2026
Депутаттық сауалдар: көтерілген мәселелер және олардың шешілу барысы

Абай облысы мәслихатының депутаттары тұрғындардың өтініштері мен елді мекендердегі өзекті мәселелер бойынша депутаттық сауалдар жолдайды. Сауалдар азаматтарды қабылдау, халықпен және сайлаушылармен кездесу кезінде көтерілген мәселелер негізінде әзірленеді. Олар депутаттардың жеке немесе бірлескен бастамасымен жолданады.

2026 жылдың тоғыз айына берілген мәлімет бойынша 57 депутаттық сауал жолданған. Оның 54-інде көтерілген мәселелер толық шешілген, ал үшеуі орындалу сатысында.

Сауалдарда елді мекендерді абаттандыру, тұрғын үй, дәрілік заттармен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жол жөндеу мәселелері жиі көтеріледі. Олар мәслихат сессияларында қаралады.

Кейбір мәселелерді шешу қосымша қаржыландыруды қажет етеді. Осыған байланысты мәслихат өз құзыреті шегінде облыстық бюджетке өзгерістер енгізу мәселелерін қарайды. Жергілікті мемлекеттік органдардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту де тұрғындар көтерген мәселелерді шешу үшін маңызды.

 

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Абай облысы мәслихаты
Мәслихат сессиясы
18 сентября 2026
Абай облысы мәслихатының кезектен тыс қырқыншы сессиясы өтті

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырқыншы сессиясында бюджетке және облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Сессияға мәслихат төрағасының міндетін атқарушы Рафаиль Хазипов төрағалық етті.

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен мәслихат депутаттары қатысты. Қала және аудан мәслихаттарының төрағалары мен облыс прокуратурасының өкілдері онлайн қосылды.

2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджетке енгізілген өзгерістер туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Роза Құдайбергенқызы баяндады. Депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, облыстық бюджетке өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ депутаттар облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгеріс енгізу мәселесін қарап, облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышевты әкімдік құрамына енгізуге келісім берді.

Сессияда депутат Рыиза Молдашева екі депутаттық сауал жолдады. Біріншісі Семей қаласының әкіміне жолданып, қонақ үй ғимаратындағы «Семипалатинск» атауына қатысты болды. Екіншісі Бесқарағай ауданындағы электр желілеріне қатысты Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жолданды.

Күн тәртібіндегі екі мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Депутаттық сауалдар белгіленген тәртіпте құзырлы мекемелерге жолданады.

 

Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі

Абай облысы мәслихаты
Мәслихат сессиясы
15 сентября 2026
Абай облысы мәслихатының депутаттарының және облыс тұрғындарының назарларына

2026 жылдың 24 қыркүйегіне сағат 09:00-ге, облыс әкімдігінің ғимаратында, Абай облысы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы, одан әрі сағат 11:00-ге кезекті қырық бірінші сессиясының отырысы белгіленді.

 

Өткізілетін мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, К.Мухамедханов көшесі, № 8, 1 қабаттағы мәжіліс залы.

 

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 08:30-да басталады.

 

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер:

  1. Абай облысының білім беру басқармасының білім сапасын қамтамасыз ету және жаңа оқу жылына дайындық бойынша атқарған жұмысы туралы.
  2. 2026 жылғы жылыту маусымына дайындық бойынша Абай облысы аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
  3. Абай облысында есірткіге және лудоманияға қарсы профилактика бойынша мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмыс нәтижелері туралы.
  4. Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті мәселелер және оларды терең цифрлық трансформация арқылы шешу» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің орындалуы туралы.
  5. Әр түрлі:

         

 

          Абай облысы мәслихатының аппараты

Абай облысы мәслихаты
Мәслихат сессиясы
14 сентября 2026
Абай облысы мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

2026 жылдың 18 қыркүйегі сағат 10:00-ге, облыс әкімдігінің ғимаратында, Абай облысы мәслихатының кезектен тыс қырықыншы сессиясының отырысы белгіленді.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер:

  1. Абай облысы мәслихатының шешіміне 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №32/212-VІІI «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» өзгерістер енгізу туралы.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 09:30-да басталады.

 

Өтетін мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Қ.Мұхамедханов көшесі, № 8, 1 қабаттағы мәжіліс залы.

 

 

 

Абай облысы мәслихатының аппараты

14 сентября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» КІТАП ОҚУ МАРАФОНЫНА ТІРКЕЛУ БАСТАЛДЫ

Қазақстанда алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафонына тіркелу басталды. Жоба еліміздің барлық өңірінен қатысушыларды біріктіріп, кітап оқуды насихаттау мен оқу мәдениетін дамытуға бағытталған ең ауқымды ұлттық бастамалардың біріне айналмақ.
Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Жоба 7 бағытты қамтиды:
- «Кітап оқитын мектеп» — 6–10 сынып оқушылары;
- «Кітап оқитын колледж» — колледж студенттері;
- «Кітап оқитын университет» — жоғары оқу орындарының студенттері;
- «Кітап оқитын педагог» — мектеп мұғалімдері мен колледж оқытушылары;
- «Кітап оқитын әулет» — отбасылық командалар;
- «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» — мемлекеттік қызметшілер;
- «Кітап оқитын зияткер» — жасына және қызмет саласына шектеу қойылмайтын барлық азаматтар.
Әр қатысушы өз бағыты бойынша арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын қордан 15 кітап оқуы қажет. Оның 165-і қазақ тілінде, 165-і орыс тілінде ұсынылған. Кітаптар тізіміне отандық авторлардың шығармалары, әлем классикасы және заманауи туындылар енді. Тізімді жасақтау кезінде жалпыұлттық дауыс беру қорытындысы бойынша «100 кітап» тізіміне енген шығармалар, сондай-ақ әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жазған туындыларды қоса алғанда, әлемдік бестселлерлер де ескерілді.
Негізгі оқу кезеңі биыл қыркүйек айында басталып, 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады. Осы уақытта қатысушылар кітаптарды оқып, жеке кабинетінде пікірлерін жариялап отырады. Ал 2027 жылғы наурыз–сәуір айларында қорытынды тестілеу мен зияткерлік квиздер өткізіледі.
Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады: 1-орын — 600 000 теңге; 2-орын — 450 000 теңге; 3-орын — 300 000 теңге.
Барлық финалист дипломдармен және электронды сертификаттармен марапатталады.
«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбековтің айтуынша, жобаның негізгі мақсаты байқаудың өзімен ғана шектелмейді.
«Бүгін біз «Кітап оқитын ұлт» алғашқы республикалық марафонына тіркелуді ашып, осылайша жасы, мамандығы мен қызығушылығы әртүрлі адамдарды кітап төңірегіне біріктіретін үлкен жалпыұлттық қозғалысқа жол ашып отырмыз.
Баршаңызды марафонға қатысуға шақырамын. Бірлесе отырып, кітап оқуды Қазақстандағы заманауи өмірдің маңызды құрамдас бөлігіне айналдыра аламыз деп сенемін. Сондай-ақ зерделі ұлттың — қуатты, білімді әрі ойлайтын ұлт екенін көрсете аламыз», — деді Бақытжан Тұрлыбеков.
Қатысу ережелері, бағыттар бойынша регламенттер және кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында жарияланған: www.reading-nation.kz
Республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафонын жүзеге асыруға жобаның бірқатар маңызды серіктестері де атсалысуда. Қазақстан Жазушылар одағы, Креативті индустрияларды дамыту қоры, KITAP және «Яндекс Кітаптар» цифрлық платформалары оқу мәдениетін дамытуға, заманауи әдеби бастамаларды қолдауға және оқырмандардың кітаппен өзара байланысуына жаңа мүмкіндіктер жасауға ықпал етпек.
Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда.

 

Абай облысы мәслихаты
Мәслихат сессиясы
27 августа 2026
Абай облысы мәслихатының кезектен тыс XXXIX сессиясы өтті.

Күн тәртібіне төрт мәселе енгізілді.

Сессия барысында Шалқар Байбековтің мәслихат депутаты ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және мәслихат төрағасы қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқару тұрақты комиссия төрағасы Рафаиль Хазиповқа жүктелді.

Сондай-ақ депутаттар «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге және облыстық мәслихат регламентіне өзгерістер енгізу мәселелерін қарады. Күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы