|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘСЛИХАТЫ |
РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН ОБЛАСТИ АБАЙ |
|
|
ШЕШІМ |
|
РЕШЕНИЕ |
08 желтоқсан 2025 жыл № 32/222-VIІI
Семей қаласы город Семей
Абай облысы мәслихатының 2026 жылға арналған
жұмыс жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының, 1-тармағының 14), 15) тармақшаларына, Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 1/6-VІI шешімімен бекітілген Абай облысы мәслихатының Регламентіне сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
Абай облысы мәслихатының
төрағасы Ш. Байбеков
Абай облыстық мәслихатының
2025 жылғы 08 желтоқсандағы
№ 32/222-VIII шешіміне қосымша
Абай облысы мәслихатының сегізінші шақырылымының
2026 жылға арналған жұмыс жоспары
|
№ |
Мәселе |
Мерзімі |
|
I. Мәслихат сессиясына енгізілетін мәселелер |
||
|
1.1. |
- Су тасқыны кезеңіне дайындық туралы (Абай облысы әкімінің аппараты, Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті);
- Абай облысындағы туристік саланың қазіргі жай-күйі мен даму перспективалары туралы (Абай облысының туризм басқармасы);
- Абай облысы бойынша жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы (Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы) |
I тоқсан |
|
1.2. |
- Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі (Абай облысы әкімінің аппараты);
- 2025 жылға арналған Абай облысының облыстық бюджетінің орындалуы және салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын іске асыру туралы есеп (Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Абай облысының қаржы басқармасы);
- Абай облысын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп (Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Абай облысының қаржы басқармасы);
- 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп (Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Абай облысының қаржы басқармасы, Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы) |
II тоқсан |
|
1.3. |
- Абай облысының білім беру басқармасының білім сапасын қамтамасыз ету және жаңа оқу жылына дайындық бойынша атқарған жұмысы туралы (Абай облысының білім басқармасы);
- 2026 жылғы жылыту маусымына дайындық бойынша Абай облысы аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы (Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы);
- Абай облысында есірткіге және лудоманияға қарсы профилактика бойынша мемлекеттік органдар мен қызметтердің жұмыс нәтижелері туралы (Абай облысы әкімінің аппараты, Абай облысының полиция департаменті);
- Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Қазақстан жасанды интеллект дәуірінде: өзекті мәселелер және оларды терең цифрлық трансформация арқылы шешу» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттердің орындалуы туралы (Абай облысының цифрлық технологиялар басқармасы) |
III тоқсан |
|
1.4. |
- 2027–2029 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы (Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы);
- «Абай облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы (Абай облысы әкімінің аппараты);
- Абай облыстық мәслихаты төрағасының есебі (Абай облыстық мәслихатының аппараты);
- Абай облыстық мәслихатының 2027 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы (Абай облыстық мәслихатының аппараты)
- Мәслихаттың тұрақты комиссияларының есебі |
IV тоқсан |
|
II. Тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер: |
||
|
Экономика, қаржы, ТКШ және құрылыс саласын дамыту жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
2.1. |
Аудан әкімдерінің абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы есептері. Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары (жеке жоспар бойынша) |
I-IV тоқсандар |
|
2.2. |
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру барысында бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан жүйелі шаралар туралы ЖАО ақпараты |
І тоқсан |
|
2.3. |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жағдайы мен даму перспективалары, көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстау мәселелері (ПИК, ММИ) туралы |
ІІ тоқсан |
|
2.4. |
Облыс орталығындағы тұрғын үй құрылысының сапасын бақылау: проблемалар және оларды шешу тетіктері |
ІIІ тоқсан |
|
2.5. |
Семей қаласындағы жылумен жабдықтау мен энергиямен қамтамасыз етудің қазіргі жай-күйі және даму перспективалары |
IV тоқсан |
|
Көшпелі іс-шаралар |
||
|
2.6. |
Қысқы кезеңнен кейін қалааралық автомобиль жолдарына мониторинг жүргізу |
I тоқсан |
|
Әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласын дамыту жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
2.7. |
Амбулаториялық емдеудегі туберкулезбен ауыратын азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету |
I тоқсан |
|
2.8. |
Жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларының тиімділігі.Еңбек нарығын талдау |
I тоқсан |
|
2.9. |
Әлеуметтік нысандарды салу мәселелері мен перспективалары: тұрғын үйлер, мектептер, емханалар, балабақшалар және спорт нысандары |
II тоқсан |
|
2.10. |
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кешенді іс-шаралар туралы |
II тоқсан |
|
2.11. |
Балаларды шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларымен мемлекеттік шығармашылық тапсырыс аясында қамтамасыз ету туралы |
IIІ тоқсан |
|
2.12. |
Облыс орталығы халқына жедел медициналық көмек көрсетудегі проблемалық мәселелер.Көлікпен қамтамасыз етілуі, жету уақытының уақтылығы |
IV тоқсан |
|
Көшпелі іс-шаралар |
||
|
2.13. |
Мемлекеттік тапсырыс аясында балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған спорттық және шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру мәселелері бойынша қалалар мен аудандардағы мәдениет үйлері мен спорт клубтарына бару (жеке жоспар бойынша) |
I-IV тоқсан |
|
2.14. |
Облыс халқын тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу мақсатында денсаулық сақтау нысандарына бару (жеке жоспар бойынша)
|
I-IV тоқсан |
|
Агроөнеркәсіптік кешен мен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
2.15. |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысының жай-күйі, проблемалары, себептері және оларды шешу жолдары туралы ЖАО ақпараты |
IІ тоқсан |
|
2.16. |
Облыс аумағындағы аңшылық алқаптарда биоалуантүрлілікті қалпына келтіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ аңшылық және балық инспекцияларының қызметін ұйымдастыру, оның ішінде жалға берілген көлдерде, өзен арналары мен басқа да су объектілерінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы |
IІІ тоқсан |
|
2.17. |
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекет тарапынан бөлінген субсидияларды тиімді пайдалану туралы |
IV тоқсан |
|
Көшпелі іс-шаралар |
||
|
2.18. |
Облыстың қалалары мен аудандарындағы энтомологиялық жағдай және дезинсекциялық жұмыстардың жүргізілуіне мониторинг |
ІI тоқсан |
|
2.19. |
Облыс орталығындағы әлеуметтік дүкендердегі бағаларға мониторинг жүргізу |
I-IV тоқсан |
|
Депутаттық өкілеттіктер, әдеп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
2.20. |
Алаяқтықпен, оның ішінде интернет-алаяқтықпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы |
I тоқсан |
|
2.21. |
Семей қаласы учаскелік полиция инспекторларының бекітілген аумақта халықпен өзара іс-қимылы және отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы |
IІ тоқсан |
|
Көшпелі іс-шаралар |
||
|
2.22. |
«Еңбек» депутаттық тобымен бірлесіп формальды емес жұмыспен қамту жағдайларын анықтау және еңбек қатынастарын заңдастыру бойынша мониторинг жүргізу |
I-IV тоқсан |
|
Өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану және экология саласын дамыту жөніндегі тұрақты комиссия |
||
|
2.23. |
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарында табиғатты қорғау іс-шараларының орындалуы туралы |
I тоқсан |
|
2.24. |
Өнеркәсіп және тау-кен өндіру секторына инвестиция тарту туралы |
IІ тоқсан |
|
2.25. |
Өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау және жаңғырту мәселелері |
IІІ тоқсан |
|
2.26. |
Жасыл желектерді, скверлер мен саябақтарды күтіп-ұстау мәселелері, суару, орман өртіне қарсы қызметті дамыту туралы
|
I тоқсан |
|
Көшпелі іс-шаралар |
||
|
2.28. |
Қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнаманың сақталуы мәселелері бойынша аудандарға шығу (жеке жоспар бойынша) |
I-IV тоқсан |