«Абай облысы мәслихатының аппараты» ММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері
Семей қаласы 15.09.2025 ж.
Кіріспе бөлім
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының "Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" 19.10.2016 жылғы № 12 бұйрығына және «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 15 тамыздағы № 97-жқ-ө өкіміне сәйкес Абай облысы мәслихаты аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау ( бұдан әрі– ІСЖТ) жүргізілді.
ІСЖТ 2024 жылғы 1 шілде мен 2025 жылғы 30 маусым аралығындағы кезеңді қамтыды.
ІСЖТ жүргізу мерзімі: өкім шыққан күннен бастап 30 жұмыс күніне дейінгі мерзімде.
Мекен-жайы: Абай облысы, Семей қаласы, Қ. Мұхамедханов көшесі № 8, телефон: 8 (7222) 360866.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
1) талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Анықтама үшін: Үлгілік қағидалардың 13- тармағына сәйкес, талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне мыналар жатады: 1) персоналды басқару; 2) мүдделер қақытығысын реттеу; 3) бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу; 4) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу; 5) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану; 6) талдау нысанының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
2) талдау нысанының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
Анықтама үшін: Үлгілік қағидалардың 12- тармағына сәйкес, мемлекеттік органның қызметіне қатысты НҚА сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталады.
Сипаттамалық бөлігі:
1.Персоналды басқару.
Абай облысы мәслихаты аппаратының штат саны-6 бірлікті құрайды. Барлық мемлекеттік қызметшілер әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Анықтама: Әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға арналған «Б» корпусы бойынша конкурс өткізу тәртібі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жем қорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қағидаларымен реттеледі;
Анықтама үшін: 2024 жылы екі тәртіптік жаза екі ай өткеннен кейін алынды (ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының 82-тармағына сәйкес, егер әкімшілік мемлекеттік қызметші жаңа құқықбұзушылық жасамаса және өзін адал қызметкер ретінде көрсетсе, тәртіптік жаза алты ай өтпей тұрып алынуы мүмкін).
«Персоналды басқару» қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұсынымдар жоқ.
2) Мүдделер қақтығысын реттеу.
Мүдделер қақтығысы жағдайлары немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің бұзылу – фактілері анықталған жоқ.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету.
Талдау нысаны мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Талдау нысанында рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.
5) Бақылау-ревизиялық функцияларды іске асыру.
Талдау нысанында бақылау-ревизиялық функциялар іске асырылмайды.
6) Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу .
Осы бағыт бойынша жүргізілген талдау нәтижелері мынадай қорытынды көрсетті:
Бюджеттік және қаржылық қаражатты игеру және бөлу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Ұсынымдар жоқ.
7) Жеке және заңды тұлғалармен шарт жасасу.
Осы бағыт бойынша жүргізілген талдау нәтижелері мынадай қорытындыны көрсетті:
«Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу» мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Ұсынымдар жоқ.
8)Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Талдау нысанында ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану жүзеге асырылмайды.
II- Талдау нысанының қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша:
Осы бағыттағы жұмыстың толықтығы мен жүйелілігін қамтамасыз ету мақсатында талдау нысанының қызметін реттейтін құқықтық актілер мен ішкі құжаттардың тізбесі қалыптастырылды.
Қазақстан Республикасының Заңдары (Кодекстері) және заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, жеке қолданылатын құқықтық актілер:
Мәслихат аппаратының Регламентінің талаптарына сәйкес мәслихат ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Мәслихаттың негізгі жұмыс нысаны – сессия болып табылады, онда Абай облыстық мәслихатының депутаттық корпусы күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша шешімдерді алқалы түрде, ашық дауыс беру арқылы қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне мынадай талдаулар жүргізілді:
Басшылар мен депутаттық корпустың шешім қабылдауы бойынша:
Талдау қорытындысы: мемлекеттік органның қызметіне басшылық жасау Заң бойынша облыстық мәслихат төрағасына (мәслихат депутаты, мемлекеттік қызметші болып табылмайды) жүктелген, ол – өкім қабылдайды. Мемлекеттік органның басшысы – аппарат басшысы шешім қабылдамайды, оның негізгі функциясы – қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау және қызметті ұйымдастыру. Ұқсас бақылау функциясы мәслихат аппараты басшысының орынбасарына да жүктелген. Мәслихат (депутаттық корпус) – шешім қабылдайды, ал мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмыс органы ретінде – қаулы қабылдайды.
Өкімдер бойынша:
Мәслихат төрағасы өкім қабылдағанға дейін мемлекеттік орган қабылданатын шешімнің заңдылығына құқықтық сараптама жүргізеді, барлық өкімдер мүдделі органдармен және ұйымдармен (қажет болған жағдайда) келісіліп, аппарат басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен келісілгеннен кейін қабылданады. Өкім жобасын дайындауға қатысқан әр мемлекеттік қызметші өзінің келісімін өкімнің ажырамас бөлігі болып табылатын келісім парағына қол қою арқылы растайды (келісім парағы болмаған жағдайда мәслихат төрағасы өкім қабылдамайды).
Мәслихат шешімдері бойынша:
Мәслихаттың барлық шешімдері Заң талаптарына сәйкес уәкілетті органнан мемлекеттік органға жоба түрінде түседі. Депутаттық корпус қарауына дейін мәслихат аппараты жобаның заңдылығына құқықтық сараптама жүргізеді, уәкілетті органның және мәслихаттың құзыреті тексеріледі, жоба бойынша ұсынылған ақпараттың дұрыстығы талданады. Бұл өзіне мыналарды қамтиды: мүдделі органдармен келісімнің болуы, қорытындылар, анықтамалар, заңнама талап ететін есептер, жария талқылаулардың (есептер, хаттамалар, қоғамдық тыңдаулар және т.б.) болуы, қажет болған жағдайда экономикалық есептер, мәтіндердің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі сәйкестігі, грамматикалық және орфографиялық қателердің болмауы. Нормативтік құқықтық сипаттағы шешім жобалары ҚР Әділет министрлігімен келісілгеннен кейін ғана қаралады. Одан соң жоба бейінді тұрақты комиссияға жолданып, комиссияның түпкілікті мақұлдауынан кейін депутаттық корпусқа сессияда қарауға енгізіледі. Нормативтік құқықтық сипаттағы мәслихат шешімдері бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі, оны мәслихат аппаратының жауапты маманы (бас инспектор-заңгер) жүзеге асырады, нәтижелері мәслихат төрағасы мен аппарат басшысы қол қояды және келіседі. Мониторинг қорытындылары жылына екі рет – жартыжылдық және жыл қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолданады. Мәслихаттың қабылданған және қол қойылған барлық шешімдері облыс прокуратурасының талабы бойынша прокуратураға жолданады. Бұдан бөлек, мәслихаттың шешімдері мемлекеттік органның ресми сайтында, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланады.
Нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Ұсынымдар жоқ.
Абай облысы мәслихаты
аппаратының басшысы Ш. Асаубаев