Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы №10/54-VII «Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:
көрсетілген шешімімен бекітілген Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларының 3-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1). Ауыл шаруашылығы жануарлары – адам өсіретін, ауыл шаруашылығы өндірісіне тікелей қатысы бар жануарлардың барлық түрлері»;
6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Жануарларды ұстау қызметі процесінде туындайтын биологиялық қалдықтар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 16-07/307 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11003 болып тіркелген) бекітілген биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, жою қағидаларына сәйкес жойылуға немесе кәдеге жаратылуға тиіс.».
Абай облысы мәслихатының
төрағасы Ш. Байбеков