2024 жылға ақпарат

  1. Персоналды басқару  қызметі

Абай  облысы  мәслихатының аппаратында  штат бойынша мемлекеттік қызметшілердің бірлік саны – 6, нақты – 6 адам.

«Абай облысы мәслихатының аппараты»  мемлекеттік мекемесінде   "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүргізіледі.

2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсан аралықта өткізілген конкурстар негізінде  түскен шағым  бойынша   күші жойылған конкурстар  орын алған  жоқ.

 Командалық қозғалысқа байланысты кадрлардың ауысуы анықталмаған.

2024 жылғы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта өз еркімен  және теріс қылығы үшін қызметтен босатылған мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Мемлекеттік қызметшілерге арналған шектеулер мен еңбек заңнамасын бұзу фактілері тіркелген жоқ.

 "Абай  облысы мәслихатының аппараты" ММ-нің барлық мемлекеттік қызметшілері бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес қызмет атқарады.

Персоналды басқару бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік қызметшілердің  атына теріс жарияланымдар болған жоқ.

Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жақын туыстарының, жұбайларының, жекжаттарының тікелей бағыныста болу фактісі анықталмаған. Бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтар болған жоқ , мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша біліктілігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дамыту мақсатында оқыту курстарында оқытылады.

Сонымен қатар,  мемлекеттік  қызметшілер  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы   ұйымдастырылған дөңгелек столдарға және  іс  шараларға қатысып, өз пікірлерімен  бөлісіп, түсіндірме  жұмыстарын  жүргізіп, сыбайлас  жемқорлықты алдын алу  жұмыстарын  қарқынды дамытуына   өз  үлестерн  қосуда. 

Мемлекеттік қызметшілердің өздеріне жүктелген функционалдық міндеттер мен міндеттерді орындауындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мақсатында әрбір мемлекеттік лауазым бойынша тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері жоғары басшылыққа жеткізіледі.

2024 жылға ақпарат
Дата публикации
17 апреля 2025