2025 жылға жұмыс жоспары

 

Абай облысы  мәслихатының 2025 жылға арналған

 жұмыс жоспарын бекіту туралы

  

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Абай облысы  мәслихатының 2025 жылға арналған  жұмыс жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Абай облысы мәслихатының

төрағасы                                                                                                                                                                                    Ш. Байбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Абай облысы мәслихатының
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 24/167-VІІІ шешімнің қосымшасы

 

 

Абай облысы мәслихатының 2025 жылға арналғын жұмыс жоспары

 

I квартал

 

  1. Абай облысында әлеуметтік саладағы 2024 жылда атқарылған жұмыстар туралы.           

          Айман Нұрлыбек  – «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» ММ-нің басшысы.

  1. Көкпекті және Үржар аудандарының әкімдерінің 2024 жылдары облыстық бюджеттен бөлінген қаражаттары бойынша атқарылған жұмыс туралы.

Көкпекті және Үржар аудандарының әкімдері.

 

II квартал

 

  1. Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев – Абай облысы әкімі.

  1. 2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы:

Облыстық бюджеттің атқарылуы және Абай облысының 2024 жылға арналған фискалдық саясатының негізгі бағыттарын іске асыру туралы баяндамасы.

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев – Абай облысы әкімі.

Абай облысының даму бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндамасы.

Нұрлан Телманұлы Ұранхаев – Абай облысы әкімі.

2024 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы.

Нариман Бақытұлы Таушов – Абай облысы тексеру комиссиясының төрағасы.

III квартал

 

  1. Абай облысында 2025 жылда жылу беру маусымына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

Димитрий Александрович Гариков – Абай облысы әкімінің орынбасары.

  1. Абай облысы Семей қаласында жолаушылар тасымалдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.

          Талғат Батырұлы Мұратов – Семей қаласының әкімі.

Рафхат Жумайбекұлы Беркұтбаев – «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшысы.

 

IV квартал

         

  1. Абай облысы мәслихаты төрағасының есебі.

Шалкар Заманбекович Байбеков –  Абай облысы мәслихатының төрағасы.

  1. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы.

Роза Кудайбергенқызы – «Абай облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

  1. Абай облысы мәслихатының 2026 жылғы арналғын  жұмыс жоспарын бекіту туралы.

 

Жұмыс жоспары 2025
Дата публикации
17 апреля 2025