Абай облысы мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясының күн тәртібі
1. Абай облысында жылу беру маусымына дайындық бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Жандос Маратұлы Кайырханов – «Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-нің басшысы.
- Облыстағы жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Анзор Мициевич Абаев – «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің басшысы.
Имеров Ринат Серикболович – «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Абай облысының жер ресурстарын басқару департаменті» РММ-сі басшысының міндетін атқарушысы.
- Абай облысындағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау және 2024-2025 жылдарға арналған перспективалық жобалар туралы.
Беркутбаев Рафхат Жумайбекович – «Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-нің басшысы.
- Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 12/88-VIII «Абай облысының басқару схемасын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы.
- Абай облысы мәслихатының «Абай облысы әкімдігінің қасындағы Терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы»
2022 жылғы 05 қазандағы № 8/45-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 11/72-VII «Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы.