Абай облысы мәслихатының кезекті он төртінші сессиясының күн тәртібі
- Абай облысы аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша 2023 жылы жүргізілген жұмыстар туралы.
- Облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру нысандарын күтіп ұстау және колледж түлектерін өз мамандығы бойынша одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
- Абай облысында қатты тұрмыстық және коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу бойынша 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқссандағы
№ 11/80-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Абай облысының аудандары мен Семей қаласының шекараларын белгілеу және өзгерту туралы.
- Абай облысының облыс орталығында, облыстық және аудандық маңызы бар қалаларында, кенттері мен ауылдық елді мекендерінде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/63-VII «Абай облысы бойынша жер комиссиясы құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 11 тамыздағы № 4/23-VIІ «Абай облысының Қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы прокурорының наразылығын қарау туралы.