Абай облысы мәслихатының кезектен тыс екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№11/66-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- 2023 жылда жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған төлемдерді қамтамасыз ету туралы.
- Абай облысы бойынша меншікке немесе жер пайдалануға берілетін аталған жерлерді пайдаланудың жергілікті жағдайлары мен ерекшеліктеріне қарай ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшерін белгілеу туралы.
- Абай облысының азаматтарына жеке меншіккетегін ұсынылуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу туралы.
- Абай облысының халқын орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен су алу ережесін бекіту туралы.
- Абай облысы бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы.
- Абай облысында жылу маусымына дайындық және өткізу қағидаларын бекіту туралы.
- Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаныүшін төлемақы мөлшерлемелері туралы.
- Абай облысының қоршаған ортасына теріс әсер еткені үшінтөлемақы мөлшерлемелерін бекіту және көтеру туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 24 тамыздағы № 5/29-VII ««Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- «Семей қаласында фотобейнетіркеу және бейнеталдаужүйесін құру және пайдалану» мемлекеттік-жекешелікәріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелердіқабылдау туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 18 қарашадағы № 10/56-VII ««Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы№1/8-VII «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.