Абай облысы мәслихатының кезектен тыс он үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 11/66-VIІ «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Абай облысында жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы.
- Абай облысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидаларын бекіту туралы.
- «Семей қаласында күштік спорт (бокс, еркін күрес, дзюдо күресі, таэквондо, ауыр атлетика) түрлері бойынша сервистік қызмет көрсету және жаттығу процесін ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы.
- Абай облысының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жөніндегі үйлестуру кеңестің құрамын бекіту туралы.
- Абай облысы әкімдігінің жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің дербес құрамын бекіту туралы.
- Абай облысы мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамын бекіту туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 05 шілдедедгі № 2/12-VII «Абай облысының аумақтық сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.