Абай облысы мәслихатының кезекті он екінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Абай облысы мәслихаты хатшысының есебі туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №7/37-VII «Абай облысы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттары үшін «KARAGAILY» шипажайы» Семейлік медициналық-әлеуметтік мекемесінің базасында санаторлы-курорттық емдеуді ұйымдастыру» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Учаскелік комиссиялар туралы ережесіне келісім беру туралы.
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiне келісім беру туралы.
- Абай облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Абай облысы бойынша әлеуметтік мәні бар қатынастар тізбесін айқындау туралы.
- Абай облысы бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасын айқындау туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы № 1/6-VІI «Абай облысы мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы шілдедегі № «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Ережесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 8 маусымдағы №1/8-VII «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.