Абай облысы мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
1 . Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 6 қыркүйектегі № 6/33-VIІ «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Абай облысының аумағында жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Абай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы.
- Абай облысында жануарларды асырау қағидаларын бекіту туралы;
- Абай облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы.
- «Абай облысы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы.
- Абай облысының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы Ережені бекіту туралы.
- «Абай облысы (қала, аудан) Құрметті азаматы» атағын беру туралы Ережені бекіту туралы.
- Абай облысы әкімдік жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Абай облысы әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
- Абай облысы әкімдік жанындағы нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штабының дербес құрамын бекіту туралы.
- Жергілікті атқарушы және өкілді органдардың қызметкерлеріне тұрғын үйді жалға алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған төлемдерді қамтамасыз ету туралы.
- Абай облысы әкімдігі жанындағы жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы.