Абай облысы мәслихатының кезектен тыс бесінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Абай облысы әкімдігінің дербес құрамын қалыптастыру туралы.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылатын тұлғалардың құжаттарын қарастыру жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы.
- Абай облысының Ақсуат ауданының шекарасын орнату және Көкпекті ауданының шекарасын өзгерту туралы.
- «Абай облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы.
- Абай облысы тексеру комиссиясы мүшесінің уақытша міндетін атқарушысын тағайындау туралы.
- Абай облысы тексеру комиссиясы төрағасының міндетін жүктеу туралы.