Абай облысы мәслихатының VIII шақырылымының 37 сессиясы

Абай облысы мәслихатының кезекті  

отыз жетінші сессиясының күн тәртібі

 

  1. Облыс әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі туралы.

  2. 2025 жылға арналған Абай облысының облыстық бюджетінің орындалуы және салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарын іске асыру туралы есеп;

    Абай облысын дамыту бағдарламасын іске асыру туралы есеп;

    2025 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы есеп.
  1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 13/92-VII «Абай облысының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  2. Абай облысының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2026-2028 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы.

  3. Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №23/158-VIII «Абай облысы бойынша 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

  4. «Абай облысының Чекоман ауылындағы ет комбинатының өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымын құру және оған техникалық қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік  міндеттемелерді қабылдау  туралы.

  5. Абай облысының сәулет-қала құрылысы кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы.

  6. Абай облысында 2029 жылға дейін тұрғын үйлерді қайта жаңартудың бағдарламасын бекіту туралы.

  7. Абай облысы Ақсуат ауданының әкімшілік - аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы.

  8. Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 19/131-VIІI «Абай облысы аумағында тіркелген, Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.  
күн тәртібі
Дата публикации
07 июля 2026