Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Аккаунты соц. сетей:
Турсынов Мухит Шынгысбекович
Абай облысы мәслихатыныңы депутаты
Общая информация, образование

Турсынов Мухит Шынгысбекович 1988 жылы 22-сәуірде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келді.

1995 – 2006 ж.ж. Семей қаласының  «№11 жалпы білім беретін мектеп» КММ оқыды.

2006 – 2010 ж.ж. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім алды.

2009 – 2011 ж.ж. университет қабырғасында әскери кафедрада оқыды.

2010 – 2012 ж.ж. Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Құқықтану» мамандығы бойынша оқыды.

2012 – 2014 ж.ж. Қазақтың туризм және спорт академиясының «Денешынықтыру және спорт» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.

Күреспен 2000 жылдан бастап айналысады. Қазіргі уақытта  самбо, дзю-до күресінен спорт шебері және қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Дзю-до, самбо және қазақ күресінен Халықаралық жарыстардың, Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері.

Жетістіктері:

  • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионы (2007, 2008, 2009, 2010, 2012, 2013, 2014, 2016, 2017, 2019 ж);
  • Кураш күресінен жабық ғимараттар Азия ойындарының күміс жулдегері (Вьетнам, 2009 жыл);
  • Қазақ күресінен Азия жеңіпазы (Қызылорда, 2009 жыл);
  • Қазақ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Астана, 2010 жыл);
  • Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының абсалютті чемпионы (2012, 2014, 2017 ж.ж.);
  • Қазақ күресінен Қазақстан Кубогының иегері (2009, 2011, 2012, 2013, 2015, 2016, 2017, 2019 ж.ж);
  • Қазақ күресінен әлем Кубогының жеңімпазы (Индия; Пуна қаласы, 2011 жыл);
  • Қазақ күресінен әлем чемпионы (Беларуссия, Минск қаласы, 2013 жыл);
  • Қазақ күресінен әлем чемпионы (Ресей, Оренбург қаласы, 2014 жыл);
  • Қазақстан барысы (Астана, 2014 жыл);
  • Еуразия барысы чемпионы (2013, 2015, 2016 ж.ж.);
  • Қазақ күресінен әлем Кубогының жеңімпазы (Румыния, Констанца қаласы, 2021 жыл);
  • «Дала қырандары» республикалық турнирі жеңімпазы (2022 жыл);
  • 2019 жылы «Құрмет» орденінің иегері.
Карьера

2011 – 2018 ж.ж. Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінде денешынықтыру пәні оқытушысы қызметін атқарды.

2014 – 2017 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы «Жоғары спортттық шеберлік мектебінде» жаттықтырушы.

2017 – 2018 ж.ж. Шығыс Қазақстан облысы «Жоғары спортттық шеберлік мектебінде» әдіскер.

2018 жылдан бастап «Қызылжар арландары» қазақ күресі спорт клубының директоры қызметін атқарады.

2023 жылдың 8 желтоқсанан бері ММ «Олимпиадалық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ директоры болып  тағайындалды.

2023 жылдың 4 қазанынан бастап Абай облысы мәслихатының VIII шақырылым депутаты.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы