GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Қызметі
Байланыс ақпараты
Бөлім туралы
Все материалы
14 октября 2026
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – ортақ міндет

2026 жылғы 14 қазанда Марқакөл ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г. Мусаханова мектеп директорларымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, заңдылық пен ашықтық қағидаттарын сақтау, мемлекеттік қызметшілер мен білім беру ұйымдары басшыларының қызметтік әдеп нормаларын ұстануы мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, мектеп басшыларына өз қызметінде заң талаптарын қатаң сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеу, шешім қабылдау кезінде әділдік пен жауапкершілік таныту қажеттігі түсіндірілді.

Жиынның негізгі мақсаты – білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір басшы мен қызметкердің ортақ міндеті. Заңдылықты сақтау, адал қызмет ету және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну – білім беру жүйесіндегі сенім мен сапаның маңызды негізі.

02 октября 2026
«Жас заңгерлер» клубының ашылуы

«ЖАС ЗАҢГЕРЛЕР» КЛУБЫНЫҢ АШЫЛУЫ

Бүгін ауданымыздың білім беру ұйымдарында құқықтық сауаттылықты арттыруға, заңды құрметтеуге және жасөспірімдердің азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған «Жас заңгерлер» клубының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шара барысында оқушыларға клубтың мақсат-міндеттері таныстырылып, құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Жас заңгерлерге арнайы галстук тағу рәсімі өткізілді. ⚖️📚

Клуб жұмысы аясында оқушылардың құқықтық білімін жетілдіруге бағытталған практикалық сабақтар, кездесулер, пікірталастар және танымдық іс-шаралар өткізіледі.

Заңды білу – өз құқығыңды қорғаудан басталады! 🇰🇿

30 сентября 2026
«Жұлдызай-2026»

2026 жыл 18 қыркүйек күні “Жұлдызай 2026” Ұлттық инклюзивті ойындарының Шығыс Қазақстан облысындағы аймақтық іріктеу кезеңіне Марқакөл ауданы бойынша мектептерден құрама команда жасақталып, қатысып қайтты. Ұлттық инклюзивті ойындар жобасы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдердің спорттық шеберліктерін сайыстыру әрекеті арқылы көрсетуге арналған бірегей спорт алаңын одан әрі дамытуға бағытталған. Сайыста спортшыларымыз өз өнерлерін көрсете келе жақсы нәтижелерін көрсете білді. Тоғызқұмалақ ойынынан 10-13 жас аралығында өнер көрсетіп жүлделі 1 орын алған # 1 Марқакөл орта мектебі оқушысы Бабағұмарова Амина марапатталды, Үстел тенисінен өткен сайыста 10-13 жас аралығында өнер көрсетіп, 2 орын алған Қалжыр орта мектебінің оқушысы Ахметқалиев Ералы марапатталды

https://www.instagram.com/reel/DdkxondIvwA/?stkn=cm56Zm94NmRjYWNi

 

 

 

 

14 августа 2026
"Мектепке жол" республикалық акция 2026

Әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына қолдау көрсету мақсатында дәстүрге айналған «Мектепке жол» республикалық акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» атты айдармен өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

19 июня 2026
18-24 маусым аралығында Алматы қаласында IQanat республикалық олимпиадасының финалы өтеді.

18-24 маусым аралығында Алматы қаласында IQanat республикалық олимпиадасының финалы өтеді. Финалға еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 1000 ауыл оқушысы қатысады, Шығыс-Қазақстан облысынан 32 финалист аттанады. Олар 60 мыңнан астам қатысушының арасынан үздік нәтиже көрсетіп, шешуші кезеңге жолдама алды.

Финалистер IQanat High School of Burabay мектебінде тегін білім алу гранттарына және үш жылдық постолимпиадалық қолдау бағдарламасына үміткер болады.

Финал бағдарламасында тестілеумен қатар тренингтер, экскурсиялар және IQanat түлектері тәжірибе бөлісетін арнайы білім беру іс-шаралары ұйымдастырылады.

Журналистер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін өз өңірлерінен Алматыға аттанатын оқушыларды шығарып салу сәтін ақпараттық тұрғыдан жариялауға шақырамыз. Бұл жас таланттардың арманына бастайтын үлкен жолдың бастауы. Сондай-ақ өз өңірінің намысын республикалық деңгейде қорғайтын болашақ ұрпақтың жарқын өкілдерін көпшілікке таныстыруға мүмкіндік.

26 мая 2026
ШҚО-да 1-сыныпқа қабылдау 10 маусымда басталады

https://youtu.be/Kk0e9-sGi1g 

https://youtu.be/r6rVyvHYySg 

 

21 мая 2026
"Зерделі Ұрпақ"

«Зерделі Ұрпақ» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Марқакөл ауданының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

🥈 4-сынып оқушыларынан құралған Марқакөл командасы – ІІ орын
🥉 3-сынып оқушыларынан құралған Марқакөл командасы – ІІІ орын иеленді.

🌟 Сонымен қатар, 4-сынып оқушысы Оралбекова Амина өзінің белсенділігі мен көшбасшылық қабілетін көрсетіп, «Үздік капитан» атанды.

👏 Сондай-ақ, Марқакөл мектептері олимпиада барысында жоғары белсенділік танытқаны үшін «Ең белсенді команда» номинациясымен марапатталды.

✨ Жас математиктерімізді және жетекшілерін зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Білім бәйгесінде аудан намысын абыроймен қорғаған оқушыларымызға алдағы уақытта да толағай табыстар мен биік белестер тілейміз!

20 апреля 2026
Өскемен қаласында өткен ашық чемпионат – жазғы Президенттік көпсайыс 

Өскемен қаласында өткен ашық чемпионат – жазғы Президенттік көпсайыс 

Өскемен қаласында жазғы Президенттік көпсайыс (жүгірумын үшсайыс) бойынша ашық чемпионат жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Аталған жарыста Марқакөл ауданы, «Тосқайың орта мектебі» оқушылары да өз бақтарын сынап, тамаша нәтижелерге қол жеткізді:

Ғабит Жарқын – 1-орын
Ғабит Мерей – 1-орын
Черцова Яна – 2-орын
Ақылбекова Айлин - 3-орын

Оқушыларымыздың бұл жетістігі – олардың еңбекқорлығы мен спортқа деген құштарлығының айқын дәлелі.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!

31 марта 2026
1-сыныпқа қабылдау бойынша ақпарат

1-сыныпқа қабылдау бойынша ақпарат

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен білім беру ұйымдарының 1-сыныбына балаларды қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілуде.

Биыл 1-сыныпқа қабылдау еліміздің өңірлерінде кезең-кезеңімен, 27 мамырдан бастап жүзеге асырылады. Мұндай шешім egov.kz электрондық үкімет порталына түсетін жүктемені азайту мақсатында қабылданды.

Шығыс Қазақстан облысында 1-сыныпқа қабылдау 10 маусым мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізбесі:

  • ата-ананың немесе өзге де заңды өкілдерінің өтініші;
  • №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама (егу паспорты);
  • №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • 3х4 см өлшеміндегі фотосурет (2 дана).

Өтініштер демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

 

 

31 марта 2026
«Білім берудің құрметті қызметкері» төс белгісі

Қазақстан Республикасы Оқу-Ағарту министрі Ж. Сүлейменова
Қалжыр орта мектебі биология пәні мұғалімі Сүлейменова Айгүл Сепеновнаға Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «Білім берудің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталғанын растау куәлігі табысталды.

Әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздің еңбегіңіз – біздің болашағымыздың кепілі!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы