
Облыс әкімі Ермек Беделбайұлы, ауданымыздың ең шалғай орналасқан Шанағаты ауылына іссапар барысында “Шанағаты бастауыш мектебі” КММ-нің 4-сынып оқушысы
Дуанов Төреәлінің ерекше арман-тілегін орындады.
Кішкентай Төреәлінің: “Ермек ата, біздің Марқакөл, соның ішінде Шанағатыға келгеніңізге рахмет. Мен сізді теледидардан ғана көруші едім. Сіз домбырада күмбірлетіп күй тартқаныңыз есімде. Бізге сол өнеріңізбен бөлісіңізші” - деген тілегі облыс әкімін елеусіз қалдырмады.
Бала тілегі орындалып, Ермек Беделбайұлы өз өнерін тарту етті!