
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы”
“Жаңаауыл негізгі орта мектебі” КММ-нің педагог-психологі Кыздарбекова А.К бастауыш сынып ата-аналарымен “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жоспары негізінде “Балаңыздың ой-пікірін ояту” тақырыбында тренинг өткізді. Мақсаты: ата-аналардың білім беру мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін балалардың интеллектуалдық дамуын белсенді қолдауына ықпал ету, балалардың интеллектуалдық даму ерекшеліктері туралы білімін кеңейту.