
Буллингке жол жоқ!
Балалар қауіпсіздігі қазіргі таңда қоғамның ең басты мәселесіне айналып отыр. Адам күнделікті өмірде, яғни үйде, мектепте, көшеде буллингке ұшырауы мүмкін. Осы мақсатта Жаңауыл негізгі орта мектебінің педагог - психологы Кыздарбекова А.К мен сынып жетекші Исаева Б.Е біріге отырып, бастауыш сыныптар мен жоғары сыныптар арасында “Буллинг және оның алдын алуы” тақырыбында тренинг-сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар Буллинг дегеніміз не? Буллинг қандай жағдайларға әкеліп тіреуі мүмкін? Неліктен адамдар бір - бірін қорлап, қиянат жасайды? Буллингке ұшыраған бала басынан нені кешіреді ? т.б. көптеген өзекті сұрақтарға жауап алып, буллинг түрлерімен танысты. Жағдаяттық сұрақтарға белсенді жауап берді, өз ойларымен бөлісті.