
“Мектепте қауіпсіз және қолайлы орта құру: буллинг және кибербулингтің алдын алу”
”Жаңаауыл негізгі орта мектебі” КММ-де “Мектепте қауіпсіз және қолайлы орта құру: буллинг және кибербулингтің алдын алу” тақырыбында 5-9 сынып оқушылары арасында мектеп психологі Ажар Казбековна тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: оқушыларға буллинг, кибербуллинг туралы ақпарат беру, адамның ең басты құндылығы оның бостандығы екендігін түсіндіру, оқушыларға бір-біріне сыйластық пен қарауға және қолдау көрсете білуге тәрбиелеу.