Барлық өңірлердегі мектепке дейінгі ұйымдарға балаларды кезекке қою және жолдама беру шараларын автоматтандыру.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілік проблемаларын шешу және кезектің қалыптасуы мен функциясы, сондай-ақ жолдама беру процесін автоматтандыру мақсатында барлық (100%) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында кезектілікті автоматты бөлу және балабақшаларға жолдама беру жүйесі енгізілді. Жүйелерді Ұлттық білім беру деректер қорымен (ҰБДҚ) интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілді. Ақпараттық жүйелерден алынған деректер ҰБДҚ-ға беріледі. Осылайша, контингент, білім беру мекемелерінің қызметкерлері туралы деректерді толтыру және ұсыну бойынша сыбайлас жемқорлық қаупі жойылады.
Орта білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау бойынша мемлекеттік қызметті автоматтандыру.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі автоматтандырылды.
«Күнделік.kz» электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесі.