GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
20 октября 2026
Маңғыстау облысы ТЖД бастығы Қуанар Базарбаев ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев құтқару саласының қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Марапатталғандардың қатарында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қуанар Базарбаев та бар. Оған ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені табысталды.

Қуанар Базарбаев 1967 жылғы 24 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1994 жылы Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын азаматтық қорғау органдарында бастап, салада мол тәжірибе жинақтаған.

Әр жылдары Петропавл қаласында өрт сөндіру бөлімдерінде басшылық қызметтер атқарып, Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметін басқарған. Кейін Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы, Астана және Шымкент қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттері бастығы қызметтерін атқарды.

2026 жылғы маусым айынан бастап Қуанар Базарбаев Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне қайта тағайындалды.

ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені – оның азаматтық қорғау саласындағы көпжылдық қызметіне берілген жоғары баға.

17 октября 2026
Ақтауда дзюдодан Азия ашық кубогы басталды

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының Құрметті азаматы Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ерлер мен әйелдер арасындағы дзюдодан Азияның ашық кубогы өтіп жатыр. Жарыстың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысты.

Турнирге әлемнің жеті елінен 200-ге жуық спортшы қатысуда. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енген додада Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Черногория, Ресей және Өзбекстан спортшылары бақ сынап жатыр. Қатысушылар қатарында Қазақстан ұлттық құрамасының өкілдері мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен тәжірибелі дзюдошылар бар.

Турнирдің алғашқы күнінде Париж Олимпиадасының чемпионы, Өзбекстан өкілі Диёра Келдиёрова алтын медаль жеңіп алды. 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшы финалдық белдесуде қарсыласынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.

Маңғыстау облысы дзюдо федерациясының құрметті президенті Асылбек Жолдыбаевтың айтуынша, турнир қорытындысы бойынша спортшыларға әлемдік рейтинг ұпайлары беріледі. Атап айтқанда, алтын медаль иегерлері 100, күміс жүлдегерлер 70, ал қола жүлдегерлер 50 рейтингтік ұпайға ие болады. Бұл спортшылар үшін халықаралық рейтингтегі орнын жақсартуға және алдағы ірі жарыстарға дайындық деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азияның ашық кубогы 18 қазан күні Ақтаудағы «Халық Арена» спорт кешенінде жалғасады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 октября 2026
Маңғыстауда Қазақстанда баламасы жоқ жаңа форматтағы студенттік зерттеу орталығы ашылды

Бүгін, 17 қазанда Ақтау қаласында бірегей жоба - Bilim & Science студенттік зерттеу орталығы ашылды. Ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Орталықтың негізгі мақсаты - жас зерттеушілердің ғылыми және шығармашылық әлеуетін арттыру, ғылыми жобаларды қолдау арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу.

Ашылу рәсімінде саяси ғылымдар докторы, профессор, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Киікбай Жаулин сөз сөйлеп, жаңа орталықтың білім мен ғылымды дамытудағы маңызын атап өтті.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында жаңа технологиялық білімді меңгеруге ерекше мән беру қажеттігін, осындай орталықтардың әр өңірде ашылуы керек екенін атап өтті. Білім бар жерде ғылым бар, ғылым бар жерде білім бар. Өңір басшысы Нұрдәулет Игілікұлының жастарды қолдауға, білім мен ғылымды дамытуға бағытталған бастамаларға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өткен жөн. Алдағы уақытта мұнда ғалымдар, ғылым докторлары, профессорлар мен академиктер бас қосып, жастардың ғылыми әлеуетін арттыруға үлес қосады деп сенемін, - деді Киікбай Жаулин.

Жалпы ауданы 3 мың шаршы метрлік бес қабатты ғимарат 250 адамға арналған. Мұнда 15 оқу кабинеті, заманауи конференц-залдар, асхана және өңірлерден келетін жас зерттеушілерге арналған 20 орындық қонақүй үлгісіндегі жатын орын қарастырылған. Орталықтағы оқу бағдарламалары тегін жүргізіледі.

Орталық бакалавриат студенттеріне, магистранттар мен PhD докторанттарға арналған. Мұнда жастар ғылыми жобаларын әзірлеп, стартаптарын дамытып, жаңа идеяларын тәжірибе жүзінде сынай алады. Сонымен қатар студенттердің жобаларын инвесторларға таныстыруға және оларды нақты нәтижеге бағыттауға мүмкіндік бар. 

Bilim & Science студенттік зерттеу орталығы жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және педагогикалық-шығармашылық бағыттар бойынша жұмыс істейді.

Орталық қызметінің негізгі бағыттарына республикалық және халықаралық конференциялар, ғылыми-шығармашылық форумдар, интеллектуалдық академиялық сайыстар мен марафондар ұйымдастыру кіреді. Сондай-ақ үздік жобалар мен стартаптарды қолдауға арналған акселерациялық бағдарламалар өткізіліп, жас зерттеушілерге стипендиялық қолдау көрсету жүйесі жетілдіріледі. Бұдан бөлек, мектеп оқушыларының ғылымға қызығушылығын арттыруға және әлеуметтік осал топтарға жататын жастарды қолдауға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылады.

Орталық директоры Марат Ұлықпановтың айтуынша, алдағы уақытта ғылыми ынтымақтастықты кеңейту, ғалымдар мен академиктерді шақырып, тәжірибе алмасу алаңдарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар еліміздің ірі қалаларындағы жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарымен байланыс орнатып, болашақта шетелдік ғалымдарды да орталық жұмысына тарту көзделген.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

17 октября 2026
Маңғыстау облысында Республика күніне орай республикалық Republic Day және Bereke Fest акциялары өтеді

Республика күні қарсаңында Маңғыстау облысында 2026 жылғы 17 қазаннан 27 қазанға дейін қоса алғанда «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтеді. Бұл күні  тұтынушыларға түрлі тауарлардың кең таңдауы төмендетілген бағамен ұсынылатын болады.

Мерекелік ұсыныстардың ең қызу кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Дәл осы күндері акциялардың негізгі бөлігі, арнайы бағалық ұсыныстар мен мерекелік жеңілдіктер болады. Сатып алушылар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды тиімді шарттармен сатып ала алады.

Жалпыреспубликалық науқанның бастамашылары - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар.

Акцияларды өткізу ұлттық мерекеге орайластырылған және халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыруға, тұтынушылық сұранысты қолдауға әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге ерекше назар аударылады.

Маңғыстау облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына қатысатын сауда нысандарының толық тізімімен және олардың мекенжайларымен төменде танысуға болады.

 

 

Маңғыстау  облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

Атауы

Мекен-жайы

СО «Актау»

16 ш/а. 4 ғимарат

СО «Бәйтерек» 

27 ш/а. 90 ғимарат

СО «Астана»

14 ш/а.   100 ғимарат

СО «ШУМ»

4 ш/а. 74 ғимарат

СО «Сая прак»

10 ш/а.  3 ғимарат

СО «Маңғыстау»

Шығыс 1 279 ғимарат

СО «Аққала Мол»

29 А ш/а. 72/1 ғимарат

СО «Заман»

11А ш/а. 2 ғимарат

СО «Рахат»

Маңғыстау ауылы

СО «Басқұдық»

Басқұдық ауылдық округі

СО «Хатеп»

Басқұдық ауылдық округі

СО «ABEN»

Басқұдық ауылдық округі

СО «Жібек жолы СҮ»

Жаңаөзен қ.

СО «Бөкен Жәнібек СҮ»

Жаңаөзен қ.

СО «Заңғар» 

Жаңаөзен қ.

СО «Жаңаөзен»

Жаңаөзен қ.

 

«Bereke Fest»

"Dina" гипармаркет

33 ш/а.

"Dina" суперамаркет

19 ш/а. 5 дом

"Dina" суперамаркет

4 ш/а. 71 зд

 «АНВАР» гипермаркет

12 ш/а 76 зд.

"ДАНА" супермаркет

9 ш/а. 30/3 зд.

«Дана» супермаркет

12 ш/а 30 зд.

"ДАНА" супермаркет

17 ш/а. 36 зд

«Altyn Food» супермаркет

3 ш/а. 206 д.

«Altyn Food» супермаркет

26 ш/а. 25 зд.

«Altyn Food» супермаркет

27 ш/а. 90 зд.

«Рахат» супермаркет

Маңғыстау ауылы

«Рахат» супермаркет

Атамекен ауылы

«Дана» супермаркет

Маңғыстау ауылы

«Маңғыстау» супермаркет

Маңғыстау ауылы

«Altynfood» супермаркет

Атамекен ауылы

«Нур» супермаркет

Жаңаөзен қ.

«Дина» супермаркет

Жаңаөзен қ.

«Жанұя» супермаркет

Жаңаөзен қ.

«Береке» супермаркет

Жаңаөзен қ.

 

16 октября 2026
Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

16 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласындағы Азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар жұмыспен қамту, тұрғын үй, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, жер қатынастары, мал шаруашылығы және басқа да өзекті мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді.

Өңір басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырды. Тиісті мемлекеттік органдардың, қала және аудан әкімдіктерінің басшыларына өтініштерді жан-жақты зерделеп, заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ жауапты тұлғаларға өтініштердің қаралу барысын бақылауда ұстап, тұрғындарға қабылданған шешімдер мен атқарылған жұмыстар туралы уақтылы ақпарат беруді тапсырды.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

16 октября 2026
Нұрдәулет Қилыбай Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелерімен кездесті

Бүгін, 16 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірден Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына енген мүшелермен кездесті. Кездесу барысында өңірдегі өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары және алдағы міндеттер талқыланды.

Өңір басшысы Халық Кеңесі мүшелерінің қоғамдық маңызы бар бастамаларды жүзеге асырудағы рөліне тоқталып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сондай-ақ қоғамдағы рухани құндылықтарды дәріптеу және азаматтардың қоғаммен байланысын  жандандырудың маңызын атап өтті.

Осы орайда Нұрдәулет Қилыбай тұрғындар арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізуге, қоғамның өзекті сұрақтарын талқылап, азаматтарды толғандырған мәселелерге назар аударатын іс-шараларды ұйымдастыруды ұсынды. 

Айта кетейік, Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына 126 адам енді. Олардың қатарында Маңғыстау облысының атынан «Саламатты Ел» қоғамдық қорының мүшесі Еділ Жаңбыршин, «Eco-social» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, журналист Алмас Алтай, мәслихат депутаты Раушан Аймұрзаева, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және «ЭкоМаңғыстау» үкіметтік емес мекемесінің директоры Кирилл Осин бар.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 октября 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосу рәсіміне қатысты

🔹Президенттер Каспий теңізінің табаны арқылы Қазақстан мен Әзербайжанды жалғастыратын ұзындығы 380 шақырымдық талшықты-оптикалық байланыс желісін салтанатты түрде іске қосты.

🔹Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды. 

🔹Бұл желі Қазақстанды және Орталық Азияның басқа елдерін, сондай-ақ Қытайды Еуропамен жалғайтын жаңа байланыс бағытының бір бөлігі саналады. Ол Жерорта теңізі мен Қара теңізде орналасқан байланыс жүйелеріне қосылуы мүмкін.
 
🔹Жоба Қазақстанның цифрлық экономикасын дамыту тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Атап айтқанда, ТОБЖ елімізде қосымша халықаралық байланыс желісін іске қосып, отандық нарыққа жаһандық технологиялық компанияларды тартуға және бұлтты сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасайды.

t.me/aqorda_resmi

15 октября 2026
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

15 қазанда Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындар жұмысқа орналасу, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, жол инфрақұрылымы және білім беру салаларына қатысты мәселелерді көтерді.

Өтініштерді тыңдаған облыс әкімі жауапты басқарма басшылары мен жергілікті атқарушы органдарға тұрғындар көтерген мәселелерді заң аясында шешуді тапсырды. Сондай-ақ тапсырмалардың орындалу барысын бақылауда ұстауды міндеттеді. 

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 октября 2026
Маңғыстау облысының әкімі ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларымен кездесті

Бүгін, 15 қазан күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ЮНЕСКО-ның халықаралық сарапшыларынан құралған техникалық миссия өкілдерімен кездесті. Жиында өңірдің тарихи-мәдени мұрасын халықаралық деңгейде таныту, «Үстірт: мәдени ландшафттар және аңшылық тұзақтар - арандар» аралас мұра нысанын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге дайындық жұмыстары және тарихи ескерткіштерді сақтау мәселелері талқыланды.

Жиында археолог, ҚР Ұлттық комиссиясының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі мәдени мұра сарапшысы Дмитрий Воякин аталған номинацияны әзірлеу барысына тоқталып, оның тарихи-мәдени және табиғи мұраны халықаралық деңгейде танытудағы маңызын атап өтті.

Сарапшының айтуынша, номинация мәдени және табиғи мұраны біртұтас нысан ретінде қамтитындықтан, оны әзірлеу күрделі ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет етеді. Мұндай номинацияны дайындау посткеңестік кеңістікте алғаш рет жүзеге асырылып отыр.

Осыған байланысты халықаралық сарапшылардың техникалық миссиясы Үстірт аумағында далалық зерттеулер жүргізді. Миссия барысында нысанның табиғи және мәдени құрамдас бөліктері, оларды қорғау мәселелері және номинацияны одан әрі әзірлеу қадамдары талқыланды.

Арандар - Маңғыстаудың тарихи-мәдени мұрасындағы бірегей нысандардың бірі. Олар ежелгі дәуірден бастап аңшылық мақсатта пайдаланылған. Маңғыстау облысының аумағында 800-ден астам аран бар. Олардың бір бөлігі жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізіміне енгізілген.

Сарапшылар арандардың тарихи қызметін тереңірек зерделеу қажеттігін де атап өтті. Атап айтқанда, археологиялық эксперименттер арқылы ежелгі аңшылық тұзақтарының қалай пайдаланылғанын ғылыми тұрғыда қалпына келтіру көзделіп отыр. Бұл зерттеулер арандардың ерекшеліктерін түсінуге және олардың мәдени-тарихи құндылығын халықаралық деңгейде негіздеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта өңірдегі 601 тарихи-мәдени ескерткіш мемлекеттік қорғауға алынған.

Кездесу қорытындысында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай тарихи мұраны сақтау және халықаралық деңгейде таныту жұмыстарының маңызын атап өтті.

-Аталған жұмыстар еліміз үшін де, өңіріміз үшін де аса маңызды. Сондықтан бұл бағыттағы шараларды жүйелі түрде жалғастырып, алдағы уақытта да тиісті жұмыстарды жоспарлы түрде ұйымдастыратын боламыз, - деді облыс әкімі.

Айта кетейік, биыл шілдеде Корея Республикасының Пусан қаласында өткен ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра комитетінің 48-сессиясында Маңғыстаудағы бес жерасты мешіті - Бекет ата (Оғыланды), Шопан ата, Сұлтан Үпі, Қараман ата және Шақпақ ата «Маңғыстаудың жартасты мешіттері және олармен байланысты киелі орындары» атауымен Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 октября 2026
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ЕРСАЙ портындағы заманауи контейнерлік терминалдың құрылыс барысымен танысты

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Құрық кентіндегі «ЕРСАЙ» индустриялық теңіз порты аумағында салынып жатқан заманауи контейнерлік терминалдың құрылыс барысымен танысты. Жобалық қуаттылығы жылына 120 мың ДФЭ болатын нысанды биыл желтоқсан айында пайдалануға беру жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 85%-ы орындалды.

Қазақстандық Lancaster Group және Atasu Group компаниялары бірлесіп жүзеге асырып жатқан жобаның жалпы аумағы 50 мың шаршы метр. Терминал теңіз, теміржол және автомобиль көлігі арқылы контейнерлік және өзге де жалпы жүктерді өңдеуге арналған.

Нысанның үздіксіз әрі тиімді жұмыс істеуі үшін заманауи жүк тиеу-түсіру техникасы қарастырылған. Атап айтқанда, терминал маневрлік локомотивтермен, жүк көтергіштігі 45 тонна болатын екі порттық рельсті тіреулі кранмен, порттық буксирмен, ричстакерлермен және айырлы жүк тиегіштермен жабдықталады.

Жаңа контейнерлік терминал Қытай, Қазақстан, Каспий маңы елдері, Кавказ және Еуропаны байланыстыратын Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін арттырады. Сонымен қатар жобаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық маңызы зор. Терминал толық іске қосылғанда 60 жаңа жұмыс орны ашылады.

Портта ұзындығы 1 300 метрлік жеті айлақ, жеке акватория және кемелердің жыл бойы қауіпсіз қатынауына мүмкіндік беретін кіреберіс каналы бар. Порт инфрақұрылымын дамыту аясында теңіз түбін тереңдету жұмыстары да жүргізілуде. Бұл терең шөгімді кемелердің портқа қауіпсіз кіруін қамтамасыз етуге, акваторияның өткізу қабілетін арттыруға және өңделетін жүк түрлерінің аясын кеңейтуге жағдай жасайды.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі өңірдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобалардың маңыздылығына тоқталып, құрылыс жұмыстарының сапасы мен белгіленген мерзімде аяқталуы керектігін айтты.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы