АЙМАҚ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН

АЙМАҚ  ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫН
Бүгін облыс әкімі Серікбай Трұмовтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті. Күн тәртібінде 2020-2021 жылыту маусымына дайындық, мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылысы талқыланды.
Облыстық энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы А. Хамиевтың мәліметі бойынша қазіргі таңда, облыс бойынша жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіліп және ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін аяқталады.
«МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС жоспарланған 4 қазандық агрегатының 2-нің жөндеу жұмысы аяқталды (ТЭЦ-1, ТЭЦ-2 100%). Қалған ТЭЦ-2-дегі № 11 қазандық 45% аяқталды және № 3 қазандық желтоқсан айының соңына дейін аяқталу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, ЖаңаӨзен қаласында 2012 жылы құрылысы басталған Шағын Электр Жылу Орталығының құрылыс жұмыстары қарқын жүруде. Қазіргі таңда, аталған нысан бойынша қажетті жабдықтар шет елдерден жеткізілуде. Құрылғылар жеткізілгеннен күннен бастап монтаж жұмыстары басталып, қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Аталған құрылғыларды реттеу және іске қосу жұмыстары күзгі-қысқы жылыту маусымы басталғаннан кейін іске қосу жұмыстары жүргізілетін болады. Жұмыстың орындалысы 40%. Жалпы жылыту маусымы барысында «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС 9 қазандық, 9 турбина жұмыс жасап, 7 қазандық, 6 турбина резервте болады.
ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ АЙМАҚТА 682,5 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ
Мемлекеттік бағдарламалар аясында тұрғын үй құрылысы туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының орынбасары Махмут Шағырбаев
баяндады. Ағымдағы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 682,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді және нақты көлем индексі 100,2% құрады. Жыл соңына дейін 1 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жалдамалы тұрғын үйлер құрылысына және сатып алуға 2,9 млрд. теңге бөлінді. Жыл соңында 23,5 мың ш.м. құрайтын 352 пәтерге арналған тұрғын үйлер құрылысы аяқталады және 67 пәтер сатып алынады. Барлығы 419 пәтер пайдалануға беріледі . Пайдалануға берілетін 419 пәтердің 215 пәтері көпбалалы отбасыларға беріледі.
«АҚҚУ» шағынауданының 3-кезегінің тұрғын үйлерінің қыркүйек айына дейін 447 пәтерге арналған 2 тұрғын үйді аяқтау үшін жұмыстар жасалып жатыр. Ақтау қаласының 18 шағынауданында тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. 19а шағынауданындағы 432 пәтерлік тұрғын үйлер құрылысы басталды. Сонымен қатар, 18 шағынауданда 216 пәтерге арналған 14,9 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер құрылысына жоба әзірленді. Жалпы несиелік тұрғын үйлер бойынша жыл соңына дейін 627 пәтер пайдалануға беріледі.