
Маңғыстау облысына тағы 20 оттегі концентраторы келді. Аталған аппараттарды алуда «Заман» ЖШС, «СМК-4» ЖШС, «СМК-Атамекен» ЖШС, «Актау НШ» ЖШС, «ОндасынСтрой» ЖШС, «АС Курылыс» ЖШС, «АЙКОМ LTD» ЖШС, «Альянс LTD» ЖШС сияқты 8 ұйым демеушілік жасады. Айта кетейік, арнайы алынған оттегі концентраторлардың 18 Маңғыстау облыстық ауруханасына, 2 Бейнеу ауданына жіберілді.